Accessibility links

Ирандықтар бүгін ел тарихындағы аса бір даулы парламенттік сайлауға қатысуда.


Ол дауға негізгі себеп, реформашыл үміткерлердің сайлау тізімінен шығарып тасталуы болып отыр. Рухани көсем Аятолла Али Хаменей мен ресми әкімшілік жұртты бұл сайлауда белсенді қатысуға шақырып отыр. Али Хаменей, бойкот жасаған реформашылдарды көзде тұтып, Ислам республикасының дұшпандары жас ұрпақты арандатып сайлаудан шеттетуде, деген. Иранның реформашыл президенті Мохаммад Хатами да сайлаушыларды бүгінгі парламенттік сайлауда белсенді қатысуға шақырып, сол арқылы күтпеген жағдай болсын деген, - Қазіргі ең маңызды нәрсе халықтың сайлауда жұмыла қатысуы болып тұр. Кері үгіт-насихатқа қарамай, дауыс беруге жұрт көптеп шықса ерекше бір жаңалық болған болар еді, - дейді президент Хатами. Ал әзірше бұл сайлауда консервативті қатаңқолдылар жеңіске жетер деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG