Accessibility links

Бүгін Ресей президенті Вл.Путин Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Касьяновты қызметінен босатты.


Ол бұл туралы теледидар арқылы тікелей сөйлеген сөзінде жария еткен. Үкімет басшысының орнынан кетуінің нақты себебі айтылмаған, бірақ президент: -Бұл шешім үкіметтің жұмысына берілген бағаға байланысты емес. Оны жалпы айтқанда қанағаттанарлық деуге болады. Бұл шешім 2004 жылдың 14 наурызынан кейінгі елдің даму бағытындағы өз ұстанымызды тағы бір айқындап алу ниетінен туды,-деп атап көрсеткен. Премьер-министрдің орынбасары Виктор Христенко үкімет басшысының қызметін атқаратындығы белгілі болды.
XS
SM
MD
LG