Иордания өкілдері Халықаралық сот алдында бұл кедергіні тұрғызу Израил мен Палестина жағдайын ушықтыра түседі, палестиндіктердің жаппай Иорданияға қарай қашуына әкеліп соқтырады деген көзқарастарын білдірген. Израил жағы болса , бұл палестиндік террордың алдын алу десе, палестиндіктер мұны өз территориясын басып алу деп отыр. Гаага соты үш күндік тыңдауларды кеше бастаған болатын. Израилдың әскери радиосының хабарлауынша, жоспарланған 730 шақырым бөгесіннің әзір 180 шақырымы тұрғызылған.
БҰҰ-ң халықаралық трибуналы Израилдың батыс жағалауда бөгет тұрғызуының заңды-заңсыздығын анықтаудың дәлел-деректерін тыңдауда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі