Кофи Аннан Жапония парламентінде сөйлеген сөзінде сондай-ақ БҰҰ-ы Ираққа қайта оралуы үшін мұндағы қауіпсіздіктің толықтай орнағаны шарт деп те ескертіп өткен.
-Біз оккупацияның аяқталуы мұндағы алаңдаушылықтың бәрін де жояды деп күтпейміз. Дегенмен де егер БҰҰ-ы халықаралық қызметі Ираққа тұрақты оралып, орталық ролді атқаруы керек дейтін болсақ, қауіпсіз ортаның болған аса қажет,-деген Бас хатшы.
Аннан бұл сөздерді БҰҰ-ы дүйсенбіде 2005 жылдан бергі мезгілде Ирақта сайлау өткізу мүмкін болмайтын шығар деп жариялаған соң айтқан.