Accessibility links

Владимир Путин президенттік сайлау қарсаңында Ресей үкіметін таратты.


Ақпанның 24і сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин теледидардан тікелей шығып, Ресей үкіметінің таратылғандығы жөніндегі шешімін айтты. Сондай-ақ, наурыз айында болатын президенттік сайлауларға дейін В.Путин жаңа бас министрін тағайындамақ.

Ресей елбасы мұндай қадамға не үшін барып отыр? Ресейдегі бұл өзгеріске ресейліктер және әлем қауымдастығы қалай қарайды ?

Сонымен патшалық, коммунистік режимнен кейінгі Ресейдің алғашқы президенті болған Борис Елциннің өз қолбаласы кгбист Вл.Путин де империалистік деңгейдегі үлкен бір елдің үкіметін таратудай істі қолға алды. Бұл шараға не үшін барғандығын президент Путин өз отандастарына төмендегіше түсіндірмек болды.

- Менің бұл шешімім бұрыңғы үкіметтік қызметтің қорытынды бағасына байланысты емес. Себебі, ол үкімет жалпы алғанда өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Бұл шешімге себеп – 2004-жылы 14 – наурыздан кейінгі мемлекеттік даму жолының қай бағытта болатындығына президенттік көзғарасты тағы да кезекті рет байқату еді, дейді президент Путин. Путинның 14-наурызды айтып отырғандығы, сол күні Ресей президенттігіне сайлау өтеді. Жалпы болжамға қарағанда, ол сыннан Вл.Путин сүрінбей-ақ өтіп, президенттік таққа қайта отыратын сыңайы бар. Бұрыңғы бас министр Михаил Касьяновтың орнына Путин уақтынша жұмыс атқару үшін, бас министр орынбасары Виктор Христенконы тағайындады. Сондай-ақ, үкіметтің қалған мүшелері Кабинеттің жаңа құрамы жасақталғанша өз орындарында қалатын болды. Жалпы Ресей ата заңы бойынша, екі апта ішінде парламентке болашақ бас министрдің кандидатурасын ұсыну керек.



Президенттік сайлауларды күтпей – ақ үкіметті таратуға не себеп болғандығын ол былайша түсіндірмек болады.

- Мен егер президент болып қайта сайлана қалған жағдайда, Ресей азаматтары үкіметтік жоғарығы атқарушы органның құрамы жөнінде білуге құқылы және міндетті. Барлық мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік дамудың, игі өзгерістердің тағдыры сол үкімет жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан сайлау науқанын күтпей жатып-ақ, жоғарығы үкіметтік атқарушы билік органның құрамын жариялауды орынды деп санаймын.

Өз кезегінде ол үкімет, еліміздің дамуы үшін, өз жауапкершілігіндегі міндетін орындап шығуы қажет болады, деп ақталады Ресей президенті.

Соңғы айлары премьер Касьянов Путинның жолына кедергі бола бастады деген сөздер шыға бастады. Сол Касьянов Юкос мұнай компаниясының жетекшісі Ходорковский абақтыға салынғанда, ол іс ел экономикасына соққы болады деп оған қарсы өз сындарын айтқан болатын. Юкос мәселесін көтерген Кремль болғандықтан бас министрдің ол сыны әрине Путин мен оның жақтастарына ұнамады. Оның үстіне, Ходорковскийдің тұтқындалуынан кейін артынша, президенттің әкімшілік жетекшісі Волошин де қызметінен кетті. Міне сол Волошин Касьяновпен одақтас, пікірлес болатын.

Сондықтан ресейлік саяси талдаушы Пионтковский Касьяновтың үкімет басынан кетуі әуелбастан-ақ анық болып қалған еді дейді. Бұл жөнінде Пионтковский,

- Касьяновтың жұмыстан алынуы құпия жағдай болмай қалған еді. Әсіресе Ходорковскийге байланысты жағдайда ол президент Путинмен келіспеді. Бірақ сайлауға бір неше күн қалғанда оның қызметтен алынуы бұл жоғары деңгейдегі дағдарыстан хабар береді. Путин мұны сайлау науқаны кезінде алпауыттармен күрестің бір жолы деп те көрсетер, - дейді.

Олар негізінен президент шешімін қолдап отыр. Мысалы , Дума төраға орынбасары Александр Жуков Касьяновтың қызметтен алынуы орынды іс болды десе, спикер орынбасары Владимир Жириновский Касьянов үкіметінің қызметтен кетуі Ресей тарихындағы алға жылжу Себебі, президент бұған дейін , сайлау алдынан, ешқашан үкіметті таратқан емес, дейді.

Сонымен оның пікірінше, Мемлекеттік Дума наурыздың басына дейін-ақ жаңа үкімет басының кандидатурысын ешқандай проблемасыз бекітіп беруі мүмкін екен.
XS
SM
MD
LG