Accessibility links

Ақпанның 26-да Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның бұрынғы басшыларының бірі Дінмұхаммед Қонаевты мәңгілік есте қалдыру туралы қаулысының қабылданғанына он жыл толады.


“Бүгінгі күнге дейін бұл қаулыда көрсетілген талаптардың барлығы орындалды”, - дейді дейді Қонаев атындағы қордың басшысы Диар Қонаев. Мысалы, “Алматыдағы орталық көшелердің біріне Қонаев есімі берілді”. “Қаулының бір тармақшасы мұражай ашу болатын, ол ашылды”. Ридер қаласындағы металлургия комбинатына да Қонаев аты берілді. Диар Қонаевтың айтуынша, “әсіресе жергілікті билік өкілдері өз бастамаларымен көп іс тындырды”. Мысалы, Қапшағайда, Бақанаста, Талғарда ескерткіштер ашылып, Қонаев атындағы гуманитарлық университет бүгінгі күні табысты жұмыс істеп келеді. “Мұның барлығы республикалық биліктің ықпалынсыз жасалды”, - дейді Қонаев қорының басшысы. Ал орталық билік тарапынан Қонаевты есте сақтауға қандай шаралар қолға алынуда? Бұл орайда Диар Қонаев президенттің он жыл бұрынғы қаулысының орындалғанын тағы да еске түсіре отырып, Қонаевтың жүз жылдығын тойлау қарасаңында игі қадамдар жасалады деп үміттенеді. Алайда, “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы Болат Әбіловтің айтуынша, үкімет бүгінде керісінше Қонаевтың есімін естен өшіруге әрекеттеніп отыр. “Көбісін Қонаев есімізде, ойымызда қалмасын деп отыр. Көшеге оның атын берді. Бітті. Сонымен не болды? Тіптен ол 1993 жылы тамыз айында қайтыс болды. Бірақ неге ол туралы жарты жыл өткен соң ғана сөз қылды”. Ол үкіметтің Қазақстанның бұрынғы басшысын насихаттау ісінде салғырттық танытқандығының бір мысалы ретінде Қонаевтың тоқсан жасқа толу мерекесінің өткізілуіндегі кемшіліктерді еске алды. “Екі жыл бұрын Қонаев атамыз тоқсанға толды. Мен оны бүкіл халықтың, елдің, ұлттың тойы болатын шығар деп ойладым. Бірақ Абай атындағы опера және балет театрына халық жиналды. Болды”. Оның айтуынша, бұл жиынға мемлекет, үкімет басшылары қатысқан жоқ. Қалай болған да, бүгінде Қонаевты қарапайым жұрт есте сақтайды деп есептейді Қонаевтың замандастарының бірі, профессор Надир Надиров. “Тарихта қанша өмір сүрді, сонша Димаш Ахметұлының аты, еңбегі, дәрежесі үлкен болып көрінеді. Мемлекет тұрмақ, кебір жекеменшік мекемелер, мектептер, университеттер өздері өз мекемелеріне Қонаевтың атын беріп отыр ғой. Мемлекет те сол жағынан Димаш Ахметұлының дәрежесін көтереді деп ойлаймын”. Сонымен, осы жұрт Қонаевты біле ме екен? Осы сауалмен біз Президенттің қаулысы арқылы Қонаев атын иеленген көшеде жүрген кездейсоқ алматылықтарды сөзге тартқан едік: -

Мынау қандай көше? -

Қонаева - Ол кім? - Жазушы -

Жасың нешеде? -

Жиымада. -

Қонаев кім? -

Президент. Қазақстанның бұрынғы президенті. Жақсы кісі болатын жарықтық. -

Қонаевтың кезінде құдайдай тұрдық. Қазір бізді қайыршы қылды. Азғантай зейнетақы аламын. -

Қонаевты бәрі мақтайды. Еңбегі көп. Бірақ оны жұрт ұмыта бастаған сияқты. Кейбіреулер білмейді де.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG