Сенат қарауындағы ҚР «Сауда қызметін реттеу»туралы заң жобасы нақ осы түрінде қабылданар болса, елдегі орта және шағын бизнестің дамуына айтарлықтай нұқсан келеді. Бұл жөнінде 26- ақпан күні Алматы кәсіпкерлер қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылған басқосуда айтылды. Егер мәжіліс талқысынан мүдірмей өткен аталған заң жобаны ендігі кезекте сенат мақұлдаса, онда жобада қаралған бірқатар баптар іс жүзінде республикадағы әсіресе, орта деңгейлі сауда саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды нарықтан тықсырып шығаруы мүмкін дейді наразылық білдірушілер . Осыған орай олар «Сауда қызметін реттеу»туралы заң жобаны парламент талқысынан алып тастауды ұсынып отыр.
ҚР « Сауда қызметін реттеу туралы» заң жобаға зиянды және нарыққа қарсы деп баға берген Алматы кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерінің пікірінше, Қазақстанға қазірде тап осындай заңның қажеттілігі шамалы еді. Аталған қауымдастық басшысы Виктор Ямбаевтың айтуына қарағанда, аталған заң жоба мәжіліс талқысынан сүрінбей өткен. «Оның үстіне, әу- баста жобаның дайындалуына елдегі кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары қатыстырылмаған.Бұл жоба республикадағы сауда қызметін реттеуге емес, керісінше, мемлекет тарапынан осы саланың дамуына түрлі кедергілер тудыру, бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталып отыр. Республиканың сауда саласы арнайы заң болмаған жағдайда да қарқынды дамып келген. Өйткені, бұл сала жұмысын жергілікті ерекшеліктерді жақсы білетін әкімшіліктер үйлестіріп отырды. Ал, ендігі жағдайда,сауданы реттейтін баршаға ортақ заң, нақ осы салада жемқорлықтың өсуі мен көлеңкелі сауданың белең алуына әкеледі . Оның үстіне, аталған заң жобасына сәйкес, елде тағы бір бақылау- қадағалау органы құрылмақшы. Оның басты қызметі республикадағы сауда қызметін реттеу бағытында осы салада қызмет етіп жүргендерге лицензия берумен айналысу болмақ. Ал бұл республика президентінің 11- кәсіпкерлер форумында айтқан мемлекеттік бақылаушы органдар санын барынша кеміту жөніндегі тапсырмасына қайшы келеді дейді Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Виктор Ямбаев.
Ал, өз кезегінде Алматы қалалық шағын бизнес департаментінің басшысы Серік Тұржанов Қазақстанда қазірде лицензия берумен айналысатын 1047 органның барын айтады. «Бұдан шығатыны, мемлекет елде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудан гөрі, оны бақылау мен қадағалауға көбірек қаржы бөліп отыр. Нарықтық жағдайда сауда арнайы қатаң заңмен емес, еркін бәсекелестік, сұраныс пен ұсыныстың сай болуы сынды тағы басқа да жағдайлармен реттелуі керек. Саудаға қолдан кедергі жасау Қазақстанда көршілес Өзбекстандағы жағдайдың қайталануына әкеп соғуы мүмкін. Онда сауда саласындағыларға қолдан кедергі туғызудың салдарынан, жұмыссыз қалған тұрғындар көршілес мемлекеттерге ағылуда» дейді Серік Тұржанов.
Таратылған ақпараттарға қарағанда, ресми деректер бойынша, Қазақстанда 700000- нан астам адам шағын бизнес нысандарында, оның ішінде нақ осы сауда саласында қызмет істейді.