Accessibility links

АҚШ Мемлекеттік департаменті Адам хұқықтарының сақталу деңгейіне орай, 2003-шы жыл бойынша, әлем деңгейінде жылдық баяндамасын жариялады


Әлем елдері бойынша Адам хұқықтарының қорғалу жайы туралы, 2003-ші жылды қамтыған, жылдық баяндамасын АҚШ Мемлекеттік депратаменті 25-ші ақпан күні жариялады. Алғашқы осындай баяндама 1977-ші жылы жарық көрген болатын. Содан бергі аралықта әлем елдеріндегі адам хұқықтарының сақталу жайы мен демократиялық дамуларға баға беріліп, әртүрлі күш қолдануларға тосқауыл қоюға АҚШ тарапы ден қоюда.

Биылғы жылғы АҚШ Мемлекеттік Департаменті тарапынан жарияланған баяндамада ұзын-ырғасы 196 елдегі демократиялық даму мен адам хұқықтарының сақталуына жеке-жеке баға беріліп отыр. Мемлекеттік хатшы Колин Пауелдің бұл жөнінде былай дейді: “Адам хұқықтарын қорғау мен оны биікке көтеруді елбасы Джордж Буш Американың арнайы шақыруы деп бағалап отыр. Сондай-ақ ол адам хұқықтарының қорғалуын өзінің сыртқы саясаты күн тәртібіндегі тұтас және белсенді бөлігі деп бағалауда. Сондықтан да жыл сайынғы Адам хұқықтарына байланысты баяндама- ақпараттық құралдан да маңызды. Ол- өмірлік мәнді саяси құралға айналған-, деді Пауел мырза.

Ал, баяндаманың өзінде атап көрсетілгеніндей, “Қытайда адам хұқықтары жөніндегі түсініктің жоғарылауына және ондағы заңдық, әкімшілік реформаларды қолдауға көмек көрсету мақсатында Құрама Штаттары алғаш рет аса байсалды бағдарламаны қалыптастырып үлгерді. Сондай-ақ Құрама Штаттары Бирма, Зимбабве, Куба, Беларусия және басқа да елдерде тәуелсіздікті өрістете түсу үшін белсенді түрде істер атқарды”-, деп көрсетілген аталған баяндамада.

Орта Азия елдері өкіметтері Адам хұқықтарының сақталуының аса маңызды екендігін мойындай бастаған. Алайда, бұл орайдағы ілегрілеушіліктер болмашы дәрежеде ғана-, дей келіп бұл баяндамада бірнеше мысалдар келтірілген. Атап айтқанда, 2002-ші жылдың қарашасында, түркменбашының көлігіне жасалған шабуылды ұйымдастыруға қатысы болды деп күдікке ілінгендердің, әсіресе саяси қарсыластарының өздері мен олардың отбасы мүшелеріне, жақын-жуықтарына қарсы жүргізіліп отырған заңсыз жазалау шаралары Түркменстанда одан әрі өрістей түсуде. Өзбекстанда бір жылдың ішінде ғана түрмелердегі заңсыз тән қинауларының кесірінен үш тұтқын қаза болған.

Сондай-ақ, әділетсіз соттаулар мен азаптау тәсілдері бұл елде бұрынғадан де кең етек жайып кеткен-, дейді аталған баяндама. Саяси қарсыластарды, тәуелсіз журналистерді, белсенділерді тұтқындау мен оларға қарсы күш қолданулар одан әрі жалғасуда. Сондай-ақ оппозициядағы партиялар мен өкіметтік емес ұйымдарды тіркеуден өткізу үлкен кедергілерге душар болып отыр. Қазақстан мен Қырғызстанда аса белгілі саяси қайраткерлер түрмелерде отыр-, делінген бұл құжатта.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лорн Кренир мырза: “Біз сонымен бірге, Қазақстан мен Қырғызстанда, тұтқындарды қинауға салған ресми тұлғалардың жазаға тартыла бастағанын көрудеміз. Және сол елдердің кейбірінде еркін жиналыс жасауға рұқсат беріле бастағанын да байқаудамыз. Қазақстанда және Қырғызстанда да діни кемсітушіліктер өте аз деңгейде десе болады. Дей тұрғанмен, баяндамаларда көрсетілгеніндей, бұл елдерде әлі талай, талай порблемалар бар-, деді Кренир мырза. Баспасөзге және саяси ой-пікірлерді білдіруге байланысты Қазақстанда жіті бақылау одан әрі жалағсуда. Тәуелсіз басылымдарды қудалау, оның ішінде белгілі екі журналисті, жеткілікті дәлелдердің болмауына қарамастан, жауапқа тарту орын алып отыр-, делінген. Ал, Түркменстанда барлық бұқаралық ақпарат бұлақтары, интернет жүйесі өкімет бақылауында. Өкімет саясатына қарсы бағытталған сындардың айтылуына бұл елде ешқашан рұқсат берілмейді, дейді аталған баяндама.

Наным-сенім бостандықтарына да Діни наным-сенім бостандығы, деген арнайы бөлімде тоқталған. Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің әртүрлі діндер өкілдері арасында диалог қалыптастыру мақсатында өткен жылдың ақпан айында халықаралық конфернеция шақырғаны тілге тиек етілген екен. Алайда Қазақ заңына осы орайда тиісті өзгертулер енгізуде ешқандай қадамдар жасалған жоқ, делінген аталған баяндамада. Ал, керісінше, Түркменстанда Исламның Сүнні тармағы мен Ресейдегі Православ дінінен басқа діни ұыймдардың өмір сүруіне тиым салынған, дейді аталған құжат. Өзбекстанға қатысты баға да осы тақылеттес.

Біз сөз етіп отырған бұл бағалаулардың барлығы да Мемлекеттік Департамент тарапынан жарияланған негізгі баяндамада айтылған. Бұған қосымша, әр ел үшін, оның ішінде Қазақстан үшін жарияланған қосымша баяндамалар да бар.
XS
SM
MD
LG