Accessibility links

Жалпы,қазір өздері пайдаланып отырған ұн құрамының сапасын жұрт қалай бағалайды?


Қазақстанда нан бағасы күннен күнге қымбаттап барады .Ал,оның сапасы соған орай ма деген сұрақ көпті мазалайды.Әсересе,ұн сапасының адам денсаулығына көп әсері бар екені белгілі.Өйткені ұнның құрамындағы кейбір витаминдердің жетіспеуінен адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Мамандардың айтуына қарағанда Қазақстандықтардың арасында анемия ауруының белең алуы адам организмінде темір тапшылығы,яғни оның жеткіліксіздігінен туындайды. Сондықтан бұл аурудың алдын алудың бір жолы-темір және түрлі витаминдермен байытылған бидай ұнынан дайындалған нан бөлкелерді тұрақты түрде қолдану.

Міне,осы тақырып Қазақ Тағам Академиясында да мамандар әңгімесінің басты өзегі болды. Осы әңгіме төңірегінде академик Төрегелді Шарманов өз ойын былай білдіреді.

Қазақстанда тұратын әйелдердің 36 пайызы қанның жетіспеушілігімен аурады. Бұл аурудың салдары ана арқылы дүниеге келетін ұрпаққа да әсері бар.Жалпы,өмірден кетіп жатқандар арасында аталмыш аурудың үлесі көбейіп отыр.Сондықтан оның алдын алудың шаралары қарастырылып жатыр.

Әрине,құрамы байытылған бидай ұнынан жасалған нанды қала тұрғындары жиі пайдалануы мүмкін.Себебі, түрлі нан дайындау өндірісітері қалада орналасқан. Ал,кейде өз диірмендерінде ұн тартып, оған қоса қоятын витаминді қоспасы жоқ ауылдағылар үшін оның пайдасы бар ма?Ең бірінші кезекте дәл осындай сападағы нан ауыл үшін керек сияқты. Өйткені қан ауруымен ауыратындар саны әсіресе ауылда тұратын қазақ әйелдері арасынан байқалып отыр.Сондықтан ауыл үшін құрамы байытылған ұнның бағасы тиімді болуына назар аударып отырмыз дейді ғалым Шарманов. Жалпы мұндай қоспалар қосылған ұнның бағасы қымбат емес.Әркімнің сатып алуына мүмкіндік бар.Себебі,оған біздер де,үкіметте назар аударып отыр.

Мамандар жағы халық денсаулығына пайдалы ұнның құрамын жақсарту мәселесімен бас қатырып жатса, «Азаттыққа» өз пікірлерін білдірген Қазақстандықтар нан бағасы қанша қымбаттаса да нан сапасының ешқандай өзгермегенін айтады: Наның бағасы күннен*күнге көтеріліп келеді.Бірақ,біз оның сапасынан ешқандай өзгеріс байқамаймыз.Тіпті,бір нанды таусып жеп алып,тоймай қаласың.Оның сапасын жақсарту үшін сапалы жоғары сортты бидай егу керек шығар.

Бізге өз пікірлерін білдіргендерден байқағанымыз қазір оларды тек нан бағасының қымбаттауы ғана алаңдататын сияқты.Өйткені,көпшілік ұн құрамын өзгертудің қан ауруының азаюына мұрындық болатынын біле бермейді.
XS
SM
MD
LG