Accessibility links

Мархұм президент Трайковскийдің ұшағы құлаған жер анықталып, ол араға жеткен құтқарушылар опат болғандардың мәйіттерін тапты.


Битонядан Соңғы сәтте алынған хабарға қарағанда, Құтқарушы –іздеуші топ марқум президент Трайковский мен оның 8 сапарласының мәйіттерін Босния тауларынан, апат болған жерден тапқан.

Скопьеге келген ЕуроОдақ сыртқы саясат басшасы Хавиер Солана Македонияға ЕуроОдақ өз көмегін береді деген.

-ЕуроОдақ Македония халқына берер көмегін одан әрмен де жалғастыра береді. Сіздердің ЕуроОдаққа қарай салған жолдарыңыз өз межесіне жақын арада жетеді, - деген Х. Солана

Македония полициясының хабарлағанындай, Македония президенті мархұм Борис Трайковский мен оның сапарластары мінген ұшақтаң құлап түскен жері әуеден анықталған. Кеше бейсенбіде, қалық туманда болған ол апатта президент Трайковский мен оның 8 жолдасы опат болды .

Ата заңға орай Парламент төрағасы Йордановский Македония президенті міндетін уақтынша атқаруға кіріскен. Босния мен Македония бүгін 47дегі Трайковскидің қазасына орай екі елде 3 күндік аза жарияланды. Кеше бейсенбіде бұл қайғылы жағдайдан хабардар болысымен-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел өзге әлем жетекшілерімен қатар президент отбасына және Македония еліне көңіл айтып, Трайковскидің азаматтық, мемлекеттік қайраткерлігіне жоғары баға берді.

- Трайковский АҚШтың ең жақын досы еді. . Мен АҚШ халқы және президент Дж.Буштың атынан македониялықтарға көңіл айтамын, - деді Колин Пауел.
XS
SM
MD
LG