Accessibility links

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі заңмен реттеледі


Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі қазақстандықтарды қатты алаңдататын мәселенің бірі. Өйткені, бағаның жиі өсуі, жұртшылықтың арзан тағамдарды алуына мәжбүрлейді. Ал, арзан тағамның сапасы тұтынымға жарамай жатады,-дейді Астана қаласындағы “Әділет”тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының төрағасы Қабыкен Зәкәриянов. Оның айтуынша, аталған үйымға жылына 600-700-дей арыз түседі екен. Соның жартысы азық-түліктің сапасына байланысты болатын көрінеді.

Ал, Астана тұрғындары ірі сауда орындарында сатылатын тамақ өнімдері болмаса, ашық базарлар мен шағын дүкендерден азық-түлікті ойланбай сатып алу қиын екенін айтады.

Енді тамақ өнімдерінің қауіпсіздгі мен сапасы заңмен реттелетін болады. Қазақстан Парламентінде осындай заң жобасы қаралуда.

Сенат депутаты Бақберген Досманбетовтың айтуынша, Қазақстанға тамақ өнімдерінің көп түрлері сырттан келеді. Мал өнімдерінің 70 пайызға, ал өсімдік майларының 60 пайызға жуығы шетелдерден әкелінеді ,-дейді ол.

«Қазақстанға бірінші рет әкелінетін тамақ өнімдері болатын болса, немесе алғаш өндірілетін болса, техникалық паспорты болуы керек»,-дейді депутат Досманбетов.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидиомологиялық қадағалау басқармасының бастығы Бақыткүл Тілеубекова, бұндай заң жобасының бірінші рет қаралып отырғанын айтады.

Оның сөзіне қарағанда, талапқа сай емес тамақ өнімдері азайып келеді.

Ал, тамақтан жаппай улану оқиғасы тіркелмеген.

«Өткен аптада Қазақстан Үкіметі сырттан әкелінетін тамақ өнімдерінің келу тәртібін реттейтін қаулы қабылдады. Бұл Қазақстанға әкелінетін тамақ өнімдерінің талапқа сай болуын көздейді»,-дейді Мемлекеттік санитарлық-эпидиомологиялық қадағалау департаменті бастығының орынбасары Мейрамғали Молдашев.

Оның сөзіне қарағанда, Астанада аптасына 100-105 килодай жарамсыз азық-түлік тағамдары анықталып тұрады екен.
XS
SM
MD
LG