ЖЕНЕВА: Бүгін БҰҰ-ы Гати президенті Жан Бертран Аристидтің биліктен бас тартып, шетелге кетуіне ешкімнің мәжбүрлемегені айқын деп мәлімдеді. БҰҰ-ының Женевадағы штаб-пәтерінде оның өкілі Мэри Хойце бүгін осындай түсініктеме берді. Бірақ қазір Орталық Африка Республикасынан “саяси баспана” тапқан Жан Бертран Аристид Си-Эн-Эн телекомпаниясына телефонмен берген сұхбатында өзінің елден кетуіне АҚШ-ты айыптады.