Accessibility links

Құс тұмауының алдын алу бүгінгі күннің басты мәселесі


Жыл сайын тұмау ауруының түрі өзгеріп отырады. Былтыр Қытайды жайлаған пнемония ауруынан талай адам көз жұмса,биылғы құс тұмауы әлемді алаңдатып отыр. Мамандар бұл ауру кәдімгі тұмау сияқты халық арасында тез тарап кетуі мүмкін деп қәуіптенеді.

Бұл республикалық санитарлық эпидемиялық станциясы дәрігері Кәкімжан Кыраубаевтың пікірі. Жалпы,тұмау туралы сөз қозғағанда стаистикалық деректерге көз саламыз.Биыл жай тұмаудың өзімен алты мыңға жуық адам ауырған.Оның төрт мыңнан астамы балалар.

Мамандар бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 24,5 есеге азайды, ең бастысы тұмаудан болған өлім жоқ деп отыр. Оған негізгі себеп аурдың алдын алу мәселесінің жолға қойылуы.Жалпы,кез келген аурудың алдын алудың ел экономикасына да өз әсері бар. Oл туралы Салауатты өмір салтын қалаптастыру проблемалары Ұлттық орталығы директорының орынбасары Қазбек Ағабылұлы былай дейді:

Біріншіден, аурулар саны кеміген соң дәрігерлердің еңбегіне жұмсалатын қаржы көлемі де азаяды.Екіншіден,әрбір ауруға күніне екі мың теңге жұмсалатынын ескерсек, мемлекет он күн емделген ауруға 20 мың теңге шығарады.Осы қаржыны бірнеше жүздеген адамға көбейтіп жіберсек экономикалық шығынды есептеу қиын емес.Жалпы әрбір сақталып қалған өмірдің өзі үкімет үшін пайда.

Ал,кейбір Қазақстандықтар тұмаудың алдын алу үшін жасалған шаралардың бәрі бірдей сәтті бола бермейтінін айтады.

Мәселен,вакцина алған қызметтесім қатты ауырды.Мен шетелден келіп жатқан сол вакциналарға сене бермеймін,- дейді өзін таныстыруды қаламаған жан. Біз сөзге тартқан адамдар тұмау ауруынан қайтыс болды деген адамды өздері кездестіре қоймағандарын,ал құс тұмауы туралы,оған қарсы істеліп жатқан шаралар жөнінде тек түрлі ақпарат көздері арқылы білетіндерін айтады.

Тұмаудан қайтыс болыпты дегенді өзім кездестіргенім жоқ.Бірақ,теле,радиохабарлардан естідім.Егер,құс тұмауына тауық еті шынымен себеп болып жатса ,әрине оны әкелуге тиым салғаны дұрыс.Бірақ,біз сияқты зейнеткерлерге ет жеу арман болып қалатын сияқты.

Сонымен, құс тұмауының алдын алу жөнінде Қазақстандықтардың пікірі әр түрлі.Бірі құс етін шетелден әкелмеу арқылы адам денсаулығын сақтауға болады десе,енді бірі арзан тауық сатып алып жеуге ғана шамасы бар зейнеткерлер қиналып қалады деген ой білдіреді.
XS
SM
MD
LG