Accessibility links

Бокс Федерауиясындағы дау


Алматы және Алматы облысы бокс Федерациясының жетекшісі, әлем чемпионы Михаил Юрченко, Федерация төңірегінде орын алып отырған дау аяқталар емес, кедергі жасаушылар өз әрекетін тоқтатпай отыр, деп мәлімдеді.

Мәселенің тарихына қысқаша тоқталып кетсек. Михаил Юрченконың айтуынша, болашақ боксшылардың тәрбиесіне өзіндік үлесін қосу үшін ол 1999 жылы “Д.О.С” деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашады, соңынан бұл серіктестіктің бас директоры, бокс федерациясының жауапты хатшысы болып Меғдат Сақалбаев деген азамат келеді. Федерация ғимаратында олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаның “Касма” деген серіктестігі де жұмыс жасаған. Өткен жылдын наурыз айында “Д.О.С” деп аталатын серіктестіктің директоры Меғдат Салқабаев Михаил Юрченкомен болған түсініспеушіліктің салдарынан Федерация ғимаратына күзетшілерді қойып, спортшыларды кіргізбей қойған.

Соның салдарынан жоспарлаған жұмыстар іске апай қалды, -дейді спортшылар. Сонымен қатар бокс федерациясының жетекшісі Михаил Юрченконың пайымдауынша, Меғдат Сақалбаев демеушілірден түсіп отырған ақшаның барлығын дұрыс пайдаланды, деуге болмайды. Осы мәселені айтып бокс Федерациясының жетекшісі сотқа шағымданған, бұл істі қазір Алматы қаласы Алмалы ауданының соты қарап жатыр.Туындаған мәселе сотта қарастырыла бастағаннан бері Федерация жұмысын тоқтатып қойған.

Олимпиада қарсаңында біздің жұмысымызға кедергі жасалды,- дейді Михаил Юрченко.

Қазақстан спортшылары айыптап отырған Меғдат Сақалбаев, әлем чемпионы Михаил Юрченконың өзі кінәлап отыр.

Меғдат Сақалбаев, “Д.О.С.” жаупкершілігі шектеулі серіктестік директоры:

-Біздің мекеме 2002 жылдың аяғында банктан несие алды, сол 100 мың доллар ақшаны Михаил Юрченко өзіне алып, қайтармады. Мен бірнеше рет несиенің ақшасын қайтару керек, деп ескерту жасадым. Бірақ 3 айға алынған несие қайтарылмады, соңынан дау шықты.

Көп жылдан бері спорт саласында жұмыс жасап келген, бокс ардагері Ерлік Жарбол болып жатқан жағдайды өзінше бағалайды. Ерлік Жарбол,бокс ардагері:

-Меғдат Сақалбаевтың сот қызметкерлері арқылы, прокуратурада бар таныстары арқылы мәселені шешіп жатыр екен. Боксытың дамуын тоқтатып қойып, бір жылды тек сот, прокуратураға, қаржы полициясы төңірегінде жүрумен өткіздік. Негізінде, бұл мәселені бір күнде шешуге болады, бірақ Меғдат Сақалбаев таныстары арқылы мәселені қиындатып жіберді. Сыбайластық пен жемқорлықтың салдарынан барлығы.

Спортшылармен күрісіп жатқан Меғдат Сақалбаев өз кезегінде Федерация жетекшілерін айыптап отыр. Меғдат Сақалбаев, “Д.О.С.” жаупкершілігі шектеулі серіктестік директоры:

-Бұл істе коррупция бар. Себебі мен бармаған, айтпаған, жазбаған жер жоқ. Оған қарамастан мәселе шешілмей қойды.

Қазақстан спортшылары бар мәселені сот шешеді,деп жүр, бірақ болашақта спортмен шұғылданатын адамдарға кедергі жасамаса, деген ойда. Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина боксшылармен жарыстарға жиі барып тұратынын айтты.

-Сапар барысында спорт мектептерін ашып, спорттты насихаттап жүремін,-деді Ольга Шишигина.

Бокс чемпионы Болат Жұмаділов орын алған түсініспеушіліктен шаршап кеткенін жеткізді. Болат Жұмаділов,бокс чемпионы:

-Мен спорт адамы болғандықтан, Федерацияда болып жатқан жағдай маған қатты әсер етеді. Жарыс болып жатқанда ринг жетпей жатса, қажетті құжатты ала алмай жатсақ, бұдан артық қандай кедергі болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG