Accessibility links

Германия жоғарығы соты бүгін бейсенбіде АҚШтағы 2001-жылғы 11- қыркүйек шабуылына орай жасалған алғашқы айыптаманы қарамақ.


Өткен жылғы сот кезінде марокколық айыпкер Мунир Әл Мотассадеқ кінәлі деп табылып, 15 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Оған ол шабуыл кезінде Гамбургтегі террорлық топқа көмектескен деген айып тағылған. Бірақ Әл Мотассадеқтың адвокаттары Карлсрухе қаласындағы Федералдық конституциондық сотқа арыз жазып, АҚШ абақтысында отырған қастандық жасаушы тұтқын, жалғыз күә Рамзи бин ал-Шибхтың айтқан дәлелдерін келтіріп, Әл Мотассадеқтың қыркүйектің 11індегі шабуылдарға қатыстығы жоқ деген.
XS
SM
MD
LG