Accessibility links

“Невада-Семей-Павлодар” ұйымы ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтар тiзiмiне Павлодар облысын тұас енгiзу мәселесiн көтеруде


Павлодар облысының жұртшылығы облыс ауқымын тұтастай Семей ядролық полигонынан зардап шеккен аймақ ретiнде тануды өтiнедi. «Невада-Семей-Павлодар» қоғамдық ұйымы мен жергiлiктi атқару органдарының өкiлдерi осы мазмұнда Қазақстан Парламентi мен Үкiметiне үндеу жолдады. Онда Кереку өңiрiнiң тұрғындарына ядролық жарылыстардан зардап шеккендер мәртебесiн беру және тиiстi заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi сөз болады.

Бүгiнгi таңда облыстағы 10 ауданның үшеуi, атап айтқанда, Май, Баянауыл және Лебяжi аудандары полигоннан зардап шеккен аймақтар тiзiмiне енгiзiлген. Қазақстан Парламентiнiң Мәжiлiсiне аталған аудандарды қамтитын округтен сайланған Серiкбай Әлiбаев:

«Аты «Семей полигоны» болғанмен, оның Павлодар облысына әсерi бiр де кем емес. Осыған байланысты екi рет мәселе көтерiп, Үкiметке заң жобасын ұсынғанбыз. Үкiмет көп шығын кетедi деп қайтарып жiбердi. Президент айтса, шешiлмейтiн мәселе жоқ қой. Менiң ойымша, мемлекет басшысы бұл мәселенi терең қарамай жүр. Зерттеу тұрғысынан да, қаражат бөлу жағынан да Семейге көп көңiл бөлiнедi де, Павлодар облысына мән берiлмей қалады. Әйтпесе, зерттеу жұмыстарының қорытындылары да, ядролық сынақтан зардап шеккендердiң тiзiмi де бар», -- дейдi.

Павлодар облысындағы Май ауданының екi ауылдық кеңесi ғана ең өтiмдi радиациялық зоналарының тiзiмiне енгiзiлген. Сондықтан, облыс бойынша небары 400-дей адам зейнетақыларына үстеме ретiнде 1600 теңгелiк өтемақы алуда. Бұл -- 12 доллардың о жақ, бұ жағы. Ал Май ауданының басқа елдi мекендерi және Лебяжi, Баянауыл аудандары радиациялық әсерi төмен зонаға жатқызылғандықтан, олардың тұрғындарының өтемақыға қолдары жетпей отыр. Павлодарлық зейнеткер Қылышбек Игенұлы:

«Кереку өңiрiнiң ядролық жарылыстардың әсерiнен қалай өзгергенi көз алдымда өттi. Алпысыншы жалдардан былай қарай жер асты дүмпулерi айқын сезiлiп, өзен-сулардың көзi бiтелдi. Табиғат жұтай бастады. Осының өзiнен-ақ Семейдегi жарылыстардың әсерi қысқа қашықтықпен шектелiп қалмағанын көрсетедi. Сондықтан Павлодар облысын тұтастай ядролық жарылыстардан зардап шеккен аймаққа жатқызу туралы үндеуге 100 процент қосыламын», -дейдi.

Ал «Қазақ тiлi» қоғамының облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Торғай Кентаевтың пiкiрiнше, облыс территориясын радиациядан зардап шеккен бiртұтас аймақ ретiнде танитын кез әлдеқашан жеткен.

Павлодар облысының жұртшылығы атынан Қазақстан Парламентi мен Үкiметiне жолданған үндеуде,облыстың Семей полигонынан зардап шеккен елдi-мекендерiнiң халқына жылына бiр рет төленетiн өтемақы мәселесi де көтерiлген. Өтемақының 2004 жылға тиесiлi бұл түрi зейнеткерлерден басқа әлеуметтiк топтар үшiн 2006 жылға қалдырылып отыр.

Павлодар облыстық Iшкi саясат департаментiнiң мәлiметiне қарағанда, облыста тұратын 750 мың адамның 52 мыңы Семей ядролық полигонының әсерiнен радиациялық сәуле алғандар. Ал, Үкiметтiң Семей полигоны бойынша халыққа өтемақы қарызы, жалпы алғанда, 14 миллиард теңгеге жетiп отыр
XS
SM
MD
LG