Accessibility links

Қазақстанда журналистерді қорғау мәселесіне байланысты Г.Бендицкийді қорғау комитеті мен “Журналистер қауіп қатер астында” атты қоғамдық ұйым бірлесіп мәжіліс өткізді


Алматыдағы «Ақ Жол» демократиялық партиясының бас кеңсесінде, сейсенбі күні өткен бұл мәжіліске журналистерді қорғау ұйымдарының жетекшілері, құқық қорғаушылар сондай ақ журналистер қауымының мүшелері қатысты. Мәжілісте қаралған мәселе, апталық «Время» газетінің Солтүстік Қазақстандағы арнайы тілшісі Григорий Мельниковке қарсы осы облыстағы ішкі істер бас басқармасының басшыларының бірі, подполковник Бильялов тарапынан жасалмақ болған арандату ісінің ашыққа шығып қалуы, соған орай мәжіліске Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Курбатов шақырылып қатысты. Ол журналистер тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап бере келе егерде Время газетінің тілшісіне шынымен де облыстық ішкі істер бас басқармасының басшыларының бірі Бильялов қастандық ұйымдастырғысы келген жоспары расталса және де осы істі растайтын барлық құжаттар табылса онда ол жұмысымен қоштасу былай тұрсын заң бойынша қатаң жазаланбақшы. Осыған орай ішкі істер министрінің орынбасары арнайы тергеу тобының жұмысқа кіріскендігін хабарлады. Ал өз кезегінде, журналист Г.Бендицкийді қорғау комитетінің басшысы Болат Әбілов қазақстанның барлық азаматы заң алдында бірдей жауап беруі керек жалпысы Қазақстанда билікті сынайтын газет, журналдар мен өткір сыни мақалалары үшін журналистердің түрлі қыспаққа түсіп, газет журналдар жабылып, кейде журналистер ұрылып соғылатын фактілердің бар екендігін айтты. Алайда мәжіліске қатысқан ішкі істер министрі орынбасары Владимир Курбатов бұған дейінгі БАҚ қа, оның өкілдеріне қарсы жасалған қылмыстық істерді өз бақылауына алып, тергеу тексеру істерімен танысып, бұған қатысты тиісті жауап беретіндігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG