Сейсенбі күні түстен кейін, «Куб» интернет-парақшасы Қазақстандағы оппозициялық бағыттағы «Ассанди таимс» басылымының бас редакторы Ирина Петрушованы Санкт-Петербург қаласы милиция қызметкерлерінің қазақстандық билік орындарының сұрауы бойынша ұстағандығы туралы ақпарат таратты. Осы ақпаратпен таныса салысымен біз ең алдымен, Алматы қаласындағы «Ассанди таимс» газетіне хабарластық. Алайда бұл газеттің қызметкері Ольга Ромашкина бұл туралы ешқандай мәлімет білмейтін болып шықты.
«Менде бұл туралы ешқандай хабар жоқ. Бұл жөнінде газеттің бас редакторының орынбасары білуге тиіс еді, алайда ол ауырып қалды. Мен бірінші болып бұл ақпаратты сіздің аузыңыздан естіп тұрмын» деді «Ассанди таимс» газетінің қызметкері Ольга Ромашкина.
Мәселенің анығын білу үшін біз Санкт-Петербург қаласы Выборг ауданының 19 милиция бөліміне хабарластық. Милиция бөлімінің кезекшісінің көмекшісі Сушков деген азамат, «Ассанди таимс» газетінің бас редакторы Ирина Петрушованың ұсталғанын, бірақ кейіннен оның бостандыққа жіберілгендігін айтып берді.
«Біз оны кім екендігін анықтау үшін ұстадық. Дегенмен кейіннен ол бостандыққа жіберілді. Мен сіздерге ол кісінің не себептен ұсталғандығын телефон арқылы айтып бере алмаймын. Сіз ол кісінің ұялы телефонына хабарласыңыз» деді Выборг ауданы 19 милиция бөлімі кезекшісінің көмекшісі Сушков.
«Куб» интернет парақшасы таратқан мәліметте, «Ирина Петрушова Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің сұрауы бойынша ұсталған» деген ақпарат айтылыпты. Біз осының анық-қанығын білу үшін Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметіне хабарластық. Телефон тұтқасын көтерген Әлімов Алау деген азамат бұл туралы ешқандай хабары жоқ екендігін айтып берді. Ол «Азаттық» радиосының телефонын жазып алып, мәселенің анығын білгеннен кейін, жарты сағаттан соң телефон арқылы хабарласатындығын айтты. Алайда жарты сағат өткеннен кейін Әлімов Алау «Азаттық» радиосымен хабарласқан жоқ.
Сондай-ақ біз осы мәселеге орай Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Ағыбаев Нұртайға да хабарластық. Ол да бұл туралы ешқандай мәлімет білмейтін болып шықты.
Кейіннен біз «Ассанди таимс» газетіне қайтадан хабарласып, газеттің бас редакторы Ирина Петрушованың ұялы телефонын сұрадық. Алайда газет қызметкерлерінің бірде-біреуі де Ирина Петрушованың ұялы телефоның білмейтін болып шықты. Олар газеттің бас редакторы Ирина Петрушовамен интернет арқылы хабарласады екен.