Польша әскери өкілдерінің айтуынша, өткен түні Ирақта екі американдық азамат және олардың ирақтық тілмаші өлтірілді. Олар Хилла қаласының маңында жалған полиция күзетіне тап болған. Шабуылдаған бес азамат қолға түсті және олар АҚШ әскери полициясына берілді деп айтылды.
Бакуба қаласында шиилердің бас партиясы "Ирақ ислам революциясының жоғары кеңесі" кеңсесінің жанында бомба жарылды. Бұл туралы партия өкілдері хабарлады. Бірнеше адам жеңіл жарақат алды, партияның адамдары тұратын үйлерге зақым келді, деді ұйым өкілдері.