Accessibility links

Баспасөзге шолу. 03-11-2004


Парламенттің жоғары палатасы - Сенаттың төрағалығына бұған дейін Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарып келген Нұртай Әбіқаевтың, ал, Сенат спикері қызметін атқарып келген Оралбай Әбдікәрімовтың мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалуы, сондай-ақ бұдан былай Иманғали Тасмамағамбетовтың Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқаратындығы, сонымен-қатар Қазақстан Коммунистік партиясы арасындағы дау-дамай мен алдағы сайлауда депутаттыққа үміткерлердің міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі жөнінде жасалған ұсыныс мерзімді басылымдардың басты тақырыбына айналыпты.

Парламенттің жоғары палатасы - Сенаттың төрағалығына бұған дейін Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарып келген Нұртай Әбіқаевтың, ал, Сенат спикері қызметін атқарып келген Оралбай Әбдікәрімовтың мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалуы, сондай-ақ бұдан былай Иманғали Тасмамағамбетовтың Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқаратындығы, сонымен-қатар Қазақстан Коммунистік партиясы арасындағы дау-дамай мен алдағы сайлауда депутаттыққа үміткерлердің міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі жөнінде жасалған ұсыныс мерзімді басылымдардың басты тақырыбына айналыпты.

“Түркістан” газеті өзінің бейсенбілік санында билік басындағы соңғы өзгерістерді саяси оқиғалардың өткір сипат ала бастауының көрінісі деп бағалап өтіпті. Мақала авторы президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы болатын саяси өзгерістерді бастамас бұрын Нұртай Әбіқаевқа иек артып отыр деген болжам жасайды. Газет тілшісінің пайымдауынша, осы тағайындаулардың бәрі де күзде өтетін мәжіліс сайлауының алдындағы дайындықтар. “Мемлекеттік хатшының құзіреті осы қызметке тағайындалған тұлғаның қабілет-қарымына қарай өзгертіліп келгендіктен, Оралбай Әбдікәрімовтың өкілеттілігі қандай болатындығы әзірше беймәлім, ал сайлау науқандарына тікелей бақылау жасауды бұдан былай Иманғали Тасмағамбетов өз қолына алатын болады” дейді мақала авторы Есенгүл Кәпқызы.

“Экспресс К” газетінің 11 наурыз күнгі жарық көрген Алексей Баницкиннің мақаласында Оралбай Әбдікәрімовтың осы уақытқа шейін екі рет отставкаға кетуге өтініш білдіргендігі баяндалыпты. Ал, сенатор Еділбай Иманқұлов, сенат Нұртай Әбіқаевтың кандидатурасына қолдау көрсету арқылы ақылды шешім жасады деп есептейді. Оның айтуынша, Нұртай Әбіқаев өзгелердің пікірін тыңдай білетін, өте ұстамды да, ақылды саясаткер.

“Известия” газетінің «Қазақстан” қосымшасында да билік басындағы соңғы өзгерістерге орай Игорь Воротнойдың мақаласы жарық көріпті. Мақала авторының айтуынша, Оралбай Әбдікәрімовтың отставкаға кетуі сенаторлар үшін аса үлкен жаңалық болмаған. Сенатор Зәуреш Батталова болса, Оралбай Әбдікәрімовке “ең жақсы спикерлердің бірі болды” деп баға беріпті.

Қазақстан Коммунистік партиясының төңірегіндегі болып жатқан оқиғалар да мерзімді басылымдардың басты тақырыбына айналды. “МК в Казахстане” газетінің бейсенбілік санында жарық көрген мақалада мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың Әділет министрі Оңалсын Жұмабековке Қазақстан Коммунистік партиясының қатарында қанша адамның бар екендігін тексеру жөнінде сұрау салғандығы хабарланыпты. Ерасыл Әбілқасымов өз сұрауында Қазақстан Коммунистік партиясының жұмысына шұғыл түрде тиым салу керектігін талап етіпті.

“Азат” газетінде жарық көрген Жан Тілеубайұлының мақаласында да осы тақырып жалғасын тауыпты. Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, Әбілқасымовтың Коммунистік партиядағы өмірі қысқа болған. Таяуда Астана қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Ерасыл Әбілқасымовты коммунистер қатарынан шығарғанын баян етіпті.

Ақпан айының аяғында мәжіліс депутаты Амангелді Айталының алдағы сайлауда депутаттыққа үміткер азаматтан мемлекеттік тілді білуді талап ету қажеттілігі жөніндегі ұсынысының өтпей қалғандығы белгілі. Алайда осы оқиға мерзімді басылымдардың арасында әр түрлі пікір қайшылығын туғыза бастады. Мысалы “Жас алаш» басылымының бейсенбілік санында осыған орай Қазақстандағы бір топ зиялы қауым өкілдерінің Қазақстан Республикасы Парламенті сенаты мен Мәжілісіне жолдаған ашық хатты жарық көріпті. Өз хаттарында зиялы қауым өкілдері, болашақтағы Парламентке сайланатын ұлты қазақ депутаттыққа үміткер қазақ тілін еркін меңгеру тиіс деген ұсынысты Парламент мүшелерінің қабылдамай тастауын, өз халқына жасаған қастандық әрекет деп бағалапты. Зиялы қауым өкілдері бұл ұсыныстың қабылданбай тастауын қазақтың мемлекеттілігіне, тәуелсіздігіне қарсы шыққан әрекет деп есептейтіндіктерін де атап өтіпті.

Ал, “Ауыл” партиясының басшысы Ғани Қалиев “Время” газетінің тілшісі Виктор Веркке берген сұхбатында депутат Амангелді Айталы тарапынан жасалған бұл ұсынысқа арандатушылық әрекет деген баға беріпті. Ғани Қалиевтың айтуынша, депутат Амангелді Айталы ұлтаралық татулықтың арасына ши жүгірткісі келіп, әдейі тіл мәселесін көтеріп отыр. Ғани Қалиев мұндай ұсынысты Конституциялық құқықтың бұзылуы деп пайымдайды.

“Біз ылғи да орыстық шовинизм туралы көп айтамыз, егер де депутаттар Амангелді Айталы жасаған ұсыныстың жетегінде кетсе, онда біз қазақтық шовинизмнің өршіп кетуіне жол берер едік” дейді “Ауыл” партиясының басшысы Ғани Қалиев.
XS
SM
MD
LG