Accessibility links

Иран президенті БҰҰ мен ядролық ынтымақтастықты тоқтатамыз деп сес көрсетті.


Техран. Иран президенті Мохаммед Хатами бүгін егер де МАГАТЭ Иранды айыптайтын қаулы қабылдаса онда БҰҰ мен ядролық ынтымақтастықты тоқтатамыз деп мәлімдеді. Бұ жәйлі Хатами телефон арқылы Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескен кезде мәлімдеген. МАГАТЭ ақиқат жағында болуы керек ол АҚШ ның ықпалында болмауы керек деген Хатами. Ал, АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел болса ядролық қару тараптау жөніндегі МАГАТЭ талаптарын орындамауының Иран үшін салдары болатынын ескертті. Вашингтон Иранға қарсы санкциялар енгізуді ұсынып келе жатқаны аян. Халықаралық атом агенттігі МАГАТЭ ге мүше 35 ел өкілі осы аптада Венада кездесіп Иран мәселесі бойынша шешім қабылдағалы отыр.
XS
SM
MD
LG