Басқару рөлі оң жақта орналасқан автокөліктердің Алматыда жүруіне тиым салынуы мүмкін деген ақпарат осыдан екі ай бұрын көліктерді техникалық тексеруден өткізу барысында байқалған болатын. Ол кезде әлгіндей автокөлік иелері көліктерін техникалық тексеруден өткізе алмай шағымданған да еді. Енді жақындағы Алматы қаласының әкімі В.Храпуновтың осы мәселеге қатысты екіұдай пікірі оларды абыржытып, наразылықтарын туғызуда.
Бүгінде Алматыда 300 мыңға тарта автокөліктер болса, оның 50 мыңы басқару рөлі оң жақта орналасқан автокөліктер . Яғни Алматы тұрғындарының төрттен бірінде көлік болса, оның алтыдан бір бөлігі аталған мәселемен басын қатыруға тура келеді.
Алайда қалалық әкімшілік шенеуніктері де, МАИ қызметкерлері де аталған мәселеге қатысты мәліметтерді білмейтін болып шықты.Сондықтан бұны әкім В.Храпунов шеше салмауға тиіс, депутаттар талқылауы керек дейді көлік иелері.