Ресей елбасы Путинмен телефон арқылы болған әңгімесі барысында Хатами мырза аталған агенттік Құрама Штаттарының ықпалында кетпей, шынайы бағыт ұстануы тиіс-, деді. Уашингтонда сөйлеген сөзінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел “жобасы талқыланатын осы қарарда Иранның аталған агенттік алдындағы міндеттерін орындамай отырғандығы ескертілген, сондай-ақ алдағы уақытта басқа да шараларға тап болуы мүмкін” дегенді айтты.
Техранның ядролық бағдарламасын айыптайтын қарарды Халықаралық Атом энергиялық агенттігі қабылдаған жағдайда бұл ұйыммен Иран елінің әріптестігін тоқтататындығын елбасы Мұхамед Хатами тағы да қайталады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Армения-Әзербайжан шиеленісі
Жарылыс, босқындар және ереуіл. Таулы Қарабақтағы жағдайдың мән-жайы
AzattyqTV