Оның кесірінен 192-дей адам қаза болып, бір мың 500-ден аса азаматтар жараланған. Лондонда орналасқан әл-Құдс әл-Араби атты газетке жолдаған хабарында бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті әл-Қайда ұйымы өз мойнына алып отыр. Ал, ілкі сәттен бастап Испан өкімет өкілдері болса, бұл қанды оқиғалар үшін жікшілдік бағыттағы ЕТА тобын айыптауда. Ол топ елдің солтүстігіндегі Баск аймағының тәуелсіздігі үшін көптен бері күресіп келеді. Испания өкімет басшысы Хосе Мария Азнар қылмыскерлерді ұстауға уәде берді. “Ел тәуелсіздгі әрбір испандықтың тағдырына байланған- біз мықты ұлтпыз. Сондықтан шешімді Испан халқы қабылдайды. Ендеше азшылық топтар әсірешілдерінің өз шешімдерін бізге және біздің болашағымызға тықпалауына еқашан жол бермейміз”-, деді Азнар мырза. Бұл жарылыстар жексенбі күні болатын сайлаулар қарсаңында жүзеге асырылып отыр.
Испанияда бейсенбі күні орын алған жарылыстарды ұйымдастырушыларды іздеу одан әрі жалғасуда
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы