Accessibility links

Оңтүстік Корея парламенті президент Рох Моо Хйұнға импичмент жариялау қажет деп шешті.


Оны парламент спикері Парк Хван Йоң жариялады. - 195 депутаттан ол ұсынысты 193і қолдады 2 адам қарсы. Сондықтан, заңның 63 - бабы 2 - ші тармағына орай, президент Рох Моо Хюнға импичмент жариялау жөніндегі шешім қабылданды, деді ол .

Президент Рохқа тағылған айып, ол өз бейтарафтық мәртебесін сақтамай үкіметшіл партияны қолдаған, коррупцияға жол берген, экономиканы нашарлатқан.

Соңғы қорытынды сөзді енді жарты жыл ішінде Конститутциондық сот айтпақ. Президенттік билік уақтынша бас министрге өтті.
XS
SM
MD
LG