Accessibility links

Алматы іргесіндегі табиғи апаттың салдары


Соңғы мәліметтерге жүгінсек, Алматы облысы Талғар ауданы Талдыбұлақ кентінде орын алған көшкін салдарынан қаза тапқан 19 адамның денесі табылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің мамандары бұл сан 28-29 адамға жетуі мүмкін, деп болжам жасап отыр, бірақ нақты дерекке қол жеткізу үшін, құтқару жұмысытарының аяқталғанын күту керек, -дейді олар.

Апат орын алған жерде жұмыс жасап жатқан құтқарушылар, көшкін астында қалған адамның барлығын таппай, жұмысты тоқтатпаймыз, деп отыр.Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің баспасөз хатшысы Қайыржан Төрежанұлының пайымдауынша, құтқарушылар бірнеше топқа бөлініп кезектесіп жұмыс жасайды. Қайыржан Төрежанұлы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің баспасөз хатшысы: -Апат түнгі сағат 01.30 басталды, құтқарушылар бұл жерге сағат4-5 шамасында келіп, яғни жедел құтқару тобы, Азаматтық қорғаныс жауынгерлері, өрт сөндіру мамандары жұмыс жасай бастады. Қазіргі кезде 200-ден астам кәсіби құтқарушылар жұмыс жасап жатыр, сонымен қатар арнайы үйретілген иттерді алып келдік.

Құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқандардың арасында 19 жасар Ғалымжан Айтақұнов деген сарбаз жүрді. Күні бойы Ғалымжан 4 адамның денесін алып шыққанын айтты.

Ғалымжан Айтақұнов, құтқарушы сарбаз: -Жұмыс қиын, бірақ сыр білдірмей адамдарды құтқарып жатырмын.

Көшкін басып қалған үйдің қасында Дақан Аманжолова отырды.

Дақан Аманжолова, зардап шегуші: -Ауылға кетіп қалғам, үйге оралсам бала-шағам көшкіннің астында қалыпты. Екі келінім, қызым, немерем, қайын інім баласымен көшкіннің астында қалды.Бірден 7 адамнан айырылып отырмын.

Денесі табылған 19 адамның 5-уі жас бала, 9-зы Қытай Халық Республикасының азаматты. Негізінде, көшкіннен зардап шеккен Дақан Аманжолованың айтуынша, апат болған жер қытай азаматтарына 49 жылға жалға беріліп қойған. Сол себептен бұл маңда тұратын Қазақстан азаматтары үстіміздегі жылдың мамар айында, тұрып жатқан үйлерінен көшеміз, деп жоспарлаған екен. Жалпы зардап шеккендерді саны 50 адамға жетеді, солардың арасында Қытай азаматтарыда жүрді. Оларды сөзге тартып едік, нәтиже болмады. Қалай болғанымен, кешке дейін құтқарушылардың жұмысып бақылап тұрған азаматтың бірі орын алған оқиғаға Қазақстан үкіметі мен төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік кінәлі, дегенді айтты.. Құтқару жұмыстарын бақылап тұрған азамат: -Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қайда қарады? Oлар таудың жылжып кететінің білді ғой. Ең алдымен үкімет кінәлі, сосын төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік кінәлі. Олардың қызметкерлері біздің жақа келмейді ғой.

Атын атағысы келмеген қария туыстарынан айрылып калыпты, бірақ 73 жасар ата нақты кімді айыптарын білмей отыр. Зардап шеккен қария: -Жаратқан Алланың ісі ғой, кімді айыптаймыз.

Өз кезегінде, төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің баспасөз хатшысы Қайыржан Төрежанұлы орын алған жағдайдың алдын алу мүмікн емес шаруа дегенді жеткізді. Қайыржан Төрежанұлы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің баспасөз хатшысы: -

Мұндай апаттың алдын алу мүмкін емес еді. Үстіміздегі жылы жауын-шашын көп болған жоқ, өткен жылмен салыстырғанда. Өткен жылы осы аймақта тұратын азаматтарды көктем маусымында басқа жерге көшірген болатынмыз, үстіміздігі жылы осындай қайғылы жағдай болады, деп ойламадық.

Шұғыл түрде апат орын алған жерге келген Қазақстан үкіметінің жетекшісі Даниал Ахметов зардап шеккендерге жағдай жасалсын, уақытша баспанамен, ыстық тамақпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсін деп, нұсқау беріп кеткен. Бірақ бірден отбасынан айырылғандар, біз қайда тұрақтаймыз, деп алаңдап отыр. Oтбасынан айырылған ата: -Бізге көмек керек, барлық мүлігімізден айырылдық, қайтыс болған кісілерді мұсылман заңдарымен соңғы сапарға шығарып салу үшін бізге көмек керек.

Тас, батпақ араласқан көшкін сырғығанда кейбір азаматтар терезеден секірген екен. Олар қазіргі кезде Талғар аудынының ауруханасында жатыр.
XS
SM
MD
LG