Accessibility links

Ядролық мәселе бойынша, Ирандық мәмілегер Хассан Роханидың айтуынша, БҰҰ ядролық агенттігімен қаруларды бақылау мәселесінде өзара келісімге келу мүмкін.


Иран Халықаралық атом қуаты агенттігінің сенбіге жоспарланған сапарын кейінге қалдырғандығы белгілі. Оған дейін Агенттік Иранды өз ядролық бағдарламасы жөнінде ақпарат бермей отыр деп сынаған болатын. Ал кеше болса Халықаралық агенттік басшысы Ел Барадей ядролық қарулар бағдарламасы жөніндегі күдікті сейілту үшін, Иран БҰҰ инспекторларының келуіне тезірек рұхсат бергені жөн болады деген.
XS
SM
MD
LG