Accessibility links

Өткен аптада Мадридде болған террорлық шабуылдардан кейін испаниялық сайлаушылар консерваторларды әкімшілік биліктен алaстатты.


Социалистер жетекшісі Хосе Луис Запатеро жаңа бас министр болып сайланды. Ол үкіметтің негізгі бір міндеті терроршылықпен күрес болады, деді. Сонымен, социалистер 43, ал бұрыңғы бас министр Хосе Мария Азнардың жеңілген партиясы 38 пайыз дауыс жинады. Социалистер Испания Парламентіндегі 350 орынның 164 іне ие болды.

Өткен аптада Мадридде болған пойыз бомбы шабуылында 200 адам қаза тауып, 1500дей кісі жарақат алған болатын.
XS
SM
MD
LG