Accessibility links

Гүржістан президенті Михаил Саакашвили бүгін төтенше жиын өткізіп, жікшіл республика Аджариямен өзара жанжалды мәселені талқылады.


Аджария шегарасына жақын теңіз айлағы қаласы Потиде өткен жиында президент Саакашвили тілшілерге былай деген

- Біз мәңгіге бірге болуымыз керек. Гүржістандағы бандиттік, жікшілдік, сатқындық әрекеттерді жою ләзім. Кері жағдайда Гүржістанның мемлекеттігі бітеді. Бірақ ескертемін, мен президент болып тұрғанда мұндай етуге ешкімге жол берілмейді, -деді Гүржістан президенті.

Кеше жексенбіде шегара маңайындағы аджариялық қаруылы топ президент Саакашвилидің Аджарияға кіруіне мүмкіндік бермеген болатын. Содан кейін Саакашвили бүгінге дейін үкіметтің талаптарын орындауға мерзім беріп, теріс жағдайда Аджарияны әуе, жер және теңізден қоршауға алып, аджариялық жетекшілердің шетел банктеріндегі ақшаларын жабамыз деп ескертті.

Сондай-ақ, Гүржістан президенті өз әскерін шегара маңайына алып келіп, Ресейді бұл дауға араласпауға шақырды.
XS
SM
MD
LG