Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарына алаңдаушылық білдіріп отыр


Наурыздың 16-сы күні Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы байланыстар жөніндегі Еуропалық комиссияның Комиссары Кристофер Паттенмен кездесті. Кездесуден соң журналистермен болған баспасөз мәслихатында Паттен мырза Қазақстан Еуропалық Одақ үшін өте маңызды серіктес болып табылатынын мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда Еуропалық Одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуін қолдайды. Бұл қадам шетел инвесторлары үшін жағдайды жақсартуға маңызды болады деген пікірде. Сондай-ақ ол соңғы екі жылда Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасында ең ірі шетелдік инвесторға айналғанын айтады. Аталған кезеңде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауда айналымының өсімі 2 миллиард евроны құрапты. «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы жақын қарым-қатынас әлі де кеңейе түседі. Өйткені, Еуропалық Одақтың осы жылдың мамыр айында кеңейеді деп күтілуде. Бұл жағдай Қазақстан тауарларының үлкен рыноққа мүмкіндігін арттырады. Еуропа елдеріне Қазақстан тауарларының эскпорты ұлғаяды деген сенім бар», -дейді Петтен мырза. Кристофер Паттен, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде экономикалық мәселелермен қатар Қазақстанның саяси дамуы және саяси оқиғалардың талқыланғанын айтты. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуға ұмтылысы талқыланған. Бұл орайда Қазақстан Басшысына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарына алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізгенін мәлім етті. «Қазақстан 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа қол жеткізуі мүмкін. Бұл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ынтықтамтастық келісімін сақтағанда және оны көрсете білгенде ғана болады», -деді Кристофер Паттен. Ал, жоғарыда аталған үш заң неліктен алңдаушылық туғызып отыр деген сұрақты Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Зәуреш Батталоваға қойғанымызда ол «Саяси париялар туралы» заңда Конституцияға қайша келетін норма барын айтты. «Аталған заңда 50 мың мүшесі бар партия ғана тіркеледі деген норма Конституцияға сәйкес емес, өйткені, Конституция бойынша үш адам қосылып қоғам құруына құқығы бар»,- дейді депутат Батталова. Сондай-ақ ол «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңда Ақпарат министрлігіне өте көп билік берілген деп есептейді. Ал, Мәжіліс депутаты Серік Әбдрахманов «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң шикі, жалпылама баптары өте көп деген пікірде. Ол баптар кейін бюджеттің қаржысына айналады дегенді айтты. Қазақстан мен Еуропалық одақ терроризм, заңсыз есірткі тасымалы секілді ортақ проблемалармен бірлесе күресу үшін өзара қарым-қатынаста болуға ықыласты болуда.
XS
SM
MD
LG