Лазаренко бұдан бес жыл бұрын 114 миллиондай лас ақшасын “ тазалау” үшін АҚШ банкілерінің бірінен екіншісіне ауыстыру барысында ұсталған. Ол өз қылмысын мойындағысы жоқ. Бұл ақшалар ұрланған емес, оларды заңды жолмен алдым,-дей келіп, мұндай қылмыстық істің өзіне қарсы басталуын Украина елбасы Леонид Кучманың ұйымдастырып отырған шаруасы деп қояр емес-, дейді Азаттық радиосының Уашингтондағы тілшісі Андрю Тюли. Құрама Штаттарының батысындағы Сан-Франциско қаласының федералдық соты бұл істі дүйсенбі, наурыздың 15-і күні бастаған болатын.
“Бұл ақшаларды “тазалаудың” маған қажеті шамалы еді. Себебі, оларды мен Украинада заңды жолмен таптым”-, дейді Лазаренко. Ондай болған жағдайда Лазаренко мырза Орталық Американың Панама елінде жасалған жалған құжатпен 1999-шы жылы Құрама Штаттарына неліктен келген-, деп заңды сауал тастауда сот орындары. Сондай-ақ, осыдан төрт жыл бұрын дәл жоғарыдағыдай айыптаулармен Швейцария сотына шақырылғанда, оған келмей қалғанын есіне салынған.
Бұдан оншақты жыл бұрын советтік жүйеден босаған өнеркәсіп орындары жекешелендіріле бастаған кезде Лазаренко бір миллиард доллардай Украйна қаржысын ұрлаған, дейді есептеушілер. Кучма оны 1999-шы жылы өкімет басшысы етіп тағайындап, алайда бір жылдан кейін өзімен елбасылыққа таласа бастағаннан кейін Лазаренконы қызметінен кетірген екен. Сол жылы АҚШ-тан келіп баспана сұраған оны Кучма өкіметі Украйна қаржысын жымқырып қашқан-, деп айыптап отыр. Сондай-ақ АҚШ-тың заңгерлері де Лазаренконың ақша ұрлап шыққандығына байланысты дәлелдер бар-, деуде. Сондықтан ол тұтқындалып, АҚШ-тың федералдық түрмесінде жатқан еді. Бұдан бір жыл бұрын 86 миллион долларды кепілдікке қойғаннан кейін Лазаренко босатылған болатын. Қазіргі кезде ол өзіне байланысты іс толығымен аяқталғанша ешқайда кетіп қалмауы үшін бақылау астында отыр.
Украина өкіметінің 1994-ші 1997-ші жылдардағы қаржы жөніндегі кеңесшісі, қазір Карнеги атындағы халықаралық бейбітшілік қорында халықаралық экономика бойынша білім алып жүрген Андерс Аслундтың пікірінше: “Бұл жерде Кучмаға ешқандай кешірім жасалмауы тиіс. Себебі ол елдегі сыбайласқан жемқорлыққа белшесінен батқан адамды кезінде өкімет басшысы етіп қойды”-, деді сарапшы.
Аслундтың пікірінше, Лазаренкоға осындай билік тізгінін беріп қойған кезде елбасының басқа таңдар жолы қалмағандай-, дейді сарапшы. Мұндай қадам арқылы Лазаренкоға бұрынғысынан да ықпалды күшті елбасы тапсырған болып шыққан екен. Лазаренконың ісімен қоса, ол елде ұйымдасқан жемқорлықтың қалың ортасында қалқып жүрген талай “шортандардың” есімі белгілі бола бастады. Олардың қатарында Юля Тимоченконың есімі аталуда. Кучма мырза қазан айындағы сайлауға түспейтін сыңайлы. Дей тұрғанмен, осы айтылған жайыттар оның есімін айналып өтпеуде.
Украинаның бұрынғы үкімет басшысы Павло Лазаренконың үстінен сот ісі Құрама Штаттарында басталды. Бұдан он жылдай уақыт бұрын елден ұрлаған қомақты ақшасын әкеліп, АҚШ банкілерінде “тазаламақ” ниеті барысында ұсталған оның өткен өмірі жөнінде біраз деректер пайда болуда.