Accessibility links

Қазақстанның барлық облыстарында мектеп бітірердегі және жоғарғы немесе орта оқу орындарына түсерде тапсыратын емтихандарды бір уақытта тапсыратын жүзден астам тест орталықтары ашылатын болды.


Жалпы, тестілеу науқанына жарты млрд. теңге бөлінген. Білім министрлігінің есептеуінше, осы жүйе енгізілгеннен кейін, Қазақстандағы оқушылардың ата-аналарының 4 млрд. теңгеге жуық қаржысы үнемделеді. Қазақстанның ғылым және білім министрі Жақсыбек Құлекеевтің бұған күмәні жоқ. "Жуық арада 133 арнайы тест орталықтары ашылатын болды. Обылстардың барлық орталықтарында, үлкен қалаларда сондай-ақ ауылды жердегі 86 аудан орталығында осындай арнайы тест орталықтары ашылатын болады. Тасымалдауға, тамақтандыруға, жату орнына кететін шығынның барлығын, республикалық бюджет қаржыландырады."

Осы орталықтарда өтетін тестілеу нәтижесі бойынша, мектеп түлектеріне, жалпы орта білім туралы аттестат және жинаған бағалары жазылған сертификат беріледі. Тестілеуде алған бағаларын білген соң мектеп түлектері белгілі бір мамандықтарын таңдап, мемлекеттік гранттар мен кредиттерді алуға жол беретін байқауға қатысады. Бұл байқауға түсетін ақпарат толығымен автоматтандырылған. Емтиханға жауапты мамандардың пайымдауынша, компьютерге енгізілген мәліметтерге қол сұғу мүмкін емес. Тестілеу департаментінің директоры Такир Балықпаев жаңадан құрылған өз мекемесіне кір жуытпайы. Шындығында, бүкіл шешімді қабылдайтын адам. Сол адамдарға шешім қабылдау үшін, ақпаратты біз дайындап береміз. Оның анау арнайы бузушылардан немесе, кірісем деген адамдардан қорғалған себебі, бүкіл тестілеу орталықтарындағы нәтижелердің барлығы, бізге арнайы жүйемен кіреді де оған ешкім ене алмайды. Сөйтіп, жаңа департамент өкілдері барлық балаларға бірдей жағдай жасалған деп отыр. Ал, ата-аналар қауымының жаңа енгізуге қатысты өзіндік пікірі бар. Жалғыз қызының емтиханын күтіп жүрген, ата-аналар комитетінің жетекшісі Баққожа Алпысбаевтың ойынша, елді мекендердегі балаларға жағдай жасалмаған. Мемлекет тарапынан істеліп жатқан жақсы бастама, оны құптауға болады. Бір-ақ рет қиналған жақсы ғой, қайта-қайта оны қалтаңда, бәрі де мынау нарық заманында оңай дүние емес қой. Бірақ, енді балалардың білім деңгейі әр жерде әртүрлі. Мысалы, ауылдық жерде компьютер, басқа да игіліктер жоқ. Қазіргі қызметінен бұрын, ауыл мектебінде дәріс берген, Астанадағы 25- мектептің мұғалімі Ардақ Садықованың пайымдауынша, тестілеу орталықтарының дарынды балаларға көрсетер пайдасы көп. Дарынды балалар ауылдан шығады ғой сол ауылдағы балалардың кейбіреуін көбінесе сол қаладан жоғарғы оқу орнына баруға жағдайы болмайды. Ал бұл жерде, қалаған оқу орнына, сол ауылында отырыпақ түседі. Емтиханда мынадай міндетті пәндер бойынша оқушылардың білімі сарапталады: баланың бітірген мектебіне орай, қазақ не орыс тілі, Қазақстан тарихы және математика. Төртінші пәнді оқушы таңдап отырған мамандығына сәйкес, өзі іріктеп алуына болады. Кейбір мұғалімдердің пікірінше, бастысы, балалар қатты қиналмайды. Мектепті бітіруге асығып жүрген 11 сыныптың оқушысы Айжан Жанабаеваның пікіріде осындай. Бір рет тапсырған әр оқушыға оңай деп ойлаймын. Уақытын үнемдейді, қаржысын, жолын. Мысалы ауылда тұратын оқушыларға қалаға келу үшін, көп қаржы керек.Соған бір рет келіп тапсырған оңай деп ойлаймын. Астанадағы 25-інші мектептің мұғалімі Ардақ Садықованың пікірінше, тестілеу орталықтарының тиімді жақтары басым. Тиімді жағы, жаңағы мектеп бітірушілерді психология жағынан екі емтиханды біріктіргеннен кейін, бала бір-ақ рет қорқады, бір қуанады. Сол қолына алған сертификатпен жоғарғы оқу орнына конкурсқа қатысады. Жаңағы грандпен кредит алу конкурсына. Балалар сол тестке кіріп кеткен жағдайда, олар алып кетеді оны білеміз. Бірақ та, көбінесе бұл енді психологический шок дейміз ғой сондай болуы мүмкін. Тамақтандыру мәселесі толығымен шешілсе де, тестілеу орталықтарына балаларды жеткізу және орналастыру жұмыстарында бастапқы кезде қиыншылықтар болуы мүмкін,-дейді білім министрі. Өйткені, бұл жұмыстарда министрліктің тәжірибесі жоқ. Ал, бәрі ойдағыдай болса, алғашқы тестілеу жұмыстары биыл жазда басталады.
XS
SM
MD
LG