Accessibility links

Пәкістанның Ауғанстанмен арадағы шекара аумағында үкімет армиясының “Әл-Қаида” ұйымының жасақтары мен тәліптерге қарсы кескелескен шайқасы әрі қарай жалғастыруда.


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның Ауғанстанмен арадағы шекара аумағында үкімет армиясының “Әл-Қаида” ұйымының жасақтары мен тәліптерге қарсы кескелескен шайқасы әрі қарай жалғастыруда. Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың мәлімдеуінше, үкімет әскері “аса мәртебелі тұлғаны” қоршауға алған тәрізді. Кейбір әскерилердің айтуынша, қоршауға “Әл-Қаида”-ның екінші көсемі мысырлық Айман әз-Зауахири түскенге ұқсайды. Бірақ, бүгін Пәкістан армиясының өкілі генерал Сұлтан Шаукат “баспасөздің ойдан шығарған жалған ақпары” деп, ол хабарды түбегейлі жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG