Accessibility links

Қазақстанның Ақтау, Шымкент және Ақтөбе қалаларында канализация су және газ тасымалдауға арналған стелопластикалық құбырлар шығаратын зауыттар салынады


Әзірге, қазақстандағы тұтынушылар сұранысын, елдегі пластикалық құбырлардың үштен бір бөлігін шығаратын «Атырау құбырлар зауыты” қамтамасыз етеді. Қалғаны шет елден келеді.

Дәл оы құбырлардың сапасына қазақстанық мамандар күмән келтіріп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің су жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Нұрлан Атшабаровтың ойынша, қазіргі құбырлардың сапасы өте төмен. Кезінде ескі құбырларды кейбір нысандарда пайдаланып оны шет елден әкелген, шет ел болғанда Қытай, Өзбекстан жақтан әкелгенде сол сертификатсыз құбырларды алып келген жағдайлар болған. Кеңес одағы кезінен қалған құбырлардың сыртында, Қазақстанға жуырда енгізілген құбырлар сапасы да сын көтермейді, -дейді мамандар. Құрылыс компаниялары мен басқа да мердігерлер арзандығына қызығып, сапасы төмен құбырларды сатып алады. Сөйтіп, құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзады. Атырау құбырлар зауытының бас инвесторы “Шеврон Тексако” компаниясының маркетинг бөлімінің үйлестірушісі Қадірхан Райымбаевтың ойынша, осы салаға тез араласпаса, жағдай насырға шауып кетуі мүмкін. Біздің республикамызға келіп жатқан құбырлардың сапасы, енді оны ешкім тексеріп жатқан жоқ. Сырттан келген құбырлардың көбісі сертификаттан өтпеген, лицензия алмаған заттармен келеді, сондықтан сапасы өте нашар. Құбырлардың сипаттамасында жазылғандай, пластик су құрамындағы қоқыстарға қажалмайды және жоғары температураға шыдамды. Қолдану мерзімі бұрыңғы темір құбырларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ. Пластикалық құбырлардың тағы бір ерекшелігі бар. Олар, арнайы сыртқы жылы қаптауды қажет етпейді. Бірақ, бұрыңғы зертханаларда, дәнекерлеу жабдықтарыда, қолдану талаптары жазылған құжаттарда темір құбырларға арналған, ал пластикке қажет жабдықтарда, құжаттарда жоқтың қасы,-дейді мамандар. Индустрия министрлігінің құрылыс комитетінің басқарма бастығы Қазбек Баймышевтің пікірінше, атқарылатын жұмыс бастан асады. Халықаралық нормалар бар. Оны қазақшаға, орысшаға аударып, қолданамыз дейді. Бірақ ол болмайы. Неге десеңіз, ол аударылған құжаттардың ішінде 10 шақты сілтеме бар, басқа номативтерге. Оларды да бекіту керек. Сосын құбырларды салғанда, жаңа жабдықтар керек. Оны қадағалау керек сапасын. Ертең жарылып кетсе, тәуелсіз зертханалар керек. Биыл құбырларды ауыстыру және жөндеу жұмыстарына республика бюжетінен 8 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс саласына салынған шет елдік инвестициямен салыстырғанда бұл қаржы теңіздегі тамшымен пар-пар,-дейді құрылысшылар. Индустрия министрлігінің құрылыс комитетінің басқарма бастығы Қазбек Баймышевтің пікірінше, Қазақстан басшылығы құрылыс саласына көбірек көңіл бөлгені жөн. Мұнай, темір, жез ол жерден аламызда ол бітеді. Ал құрылыс ол өмір бойы, ең көп байлық әкелетін экономика салаларының бірі. Қазақстандағы құрылыс нысандарына белсенді енгізіліп жатқан пластикалық құбырлардың қолдану мерзімі 50 жылға ескерілген. Бірақ, бұл өмірде тозбайтын еш нәрсе жоқ. Сондықтан, барлығына да дайын болған абзал,-дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG