Accessibility links

Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдегендей, республикада әлемде теңдесі жоқ, атом қуатына зерттеу жүргізетін 2 инженерлік жабдықтың құрылысы басталды. Ал жақын болашақта Қазақстанда атом стансасы салынуы мүмкін.


Қазір Қазақстан мен Ресей аралығында 350 келісім бар. Олардың басым көпшілігі энергетика саласына қатысты. Себебі, екі мемлекетте тәуелсіз елдер достастығы территориясындағы энергетикалық мүмкіншілігі ең мол елдер. Және екі республиканың да экономикаларына үрдіс беретін дәл осы салалар. Оның ішінде атом қуатына көп көңіл бөлініп отыр.

Бастысы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету,-дейді атом қуатын жақтайтындар. Астанаға келген Ресей ғалымдары ядролық реакторлардың барлық түріне қауіпсіздік жүйесін жасайтын мамандар. Олардың айтуына қарағанда, кез келген технологияларды енгізу кезінде, сіз белгілі бір қатерге бас тігесіз. Мысалы, автомобильдерден өлетін адамдар саны бұрыңғы соғыстарда қаза болатын санына жетсе де, жұртшылық алаңдаушылық білдірмейді,- дейді Ресейдің атом қоғамы төрағасының орынбасары Сергей Кушнарев, ал атом қуатын пайдалану саласында шу көп.

Атом қазақстандықтар өміріне әлдеқашан енген дейді кейбір ғалымдар. Мысалы қазір, Алматыда ядролық медицина орталығының құрылысы жүріп жатыр. Қазақстанның ядролық физика институтының директоры Қайрат Қадіржанов пайымдауынша, атом қуатының медицинаға тигізер пайдасы ұшан теңіз. Ол жаман аурулар бар рак соның ісігін ертерек табуға болады. оны ертерек тапсақ, операция жасамай, химиялық дәірлермен алдын алуға болады.

Астанадағы Еуразия институтының физика кафедрасының меңгерушісі Қалдыбек Дөңбаевтің пікірінше, қазір пайдаланып жүрген қуат көздері 10-20 жыл аралығында таусылуы ықтимал. Қазіргі кезде, жерден алынатын мұнай газдың қуатын пайдаланып жатырмыз. Жақын арада болашақта таусылуы мүмкін. Қазақстанда мынау уран дүние жүзіндегі 15-20 пайызының қоры бар екен. Осыларды пайдалансақ, онда атом қуаты арқылы өндірілген электр қауты өте арзан болуы мүмкін. Оны пайдалану үшін, әрине станса керек. Қазақстанда атом стансасын салу төңірегінде қозғалған әңгіме көп. Экологтар оған қарылық білдіріп отыр. Қазақстандағы табиғатты қорғау қозғалысының төрағасы эколог Мелс Елеусізовтің ойына қарағанда атом стансасының республикаға қажеті шамалы.

Ал физик ғалымдардың біразы радиация шығаратын көптеген технологиялар адам өміріне енген,-дейді. Қазақстанның ядролық физика институтының директоры Қайрат Қадіржановтың пікірінше, қазіргі заманда, міндетті түрде атом қуатын пайдалану қажет. Балхаш станциясы туралы әңгіме болып жатыр. Экологтармен ақылдасып жатырмыз. Әлі референдум болатын шығар. Любой техниканың қауіптілігі болады.

Болашақта, Ресеймен Қазақстан, зымырандардың ядролық қозғағыштарын жасайтын біріккен кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG