Accessibility links

Арнайы сапармен Астанада жүрген "Майкрософт" корпорациясының атқарушы директоры Жан Филип Куртуа мен Қазақстанның өндіріс және сауда министрлігі арасында ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.


Қазақстан авторлық құқықтар бұзылып тұратын елдермен бірге АҚШ-тың сауда туралы заңының 301-інші бабына кірген. Бұл қара тізімде қазір 56 мемлекет бар. Оған бұрыңғы кеңес одағындағы мемлекеттердің бәрі қосылған екен.

Бұл тізімді құратын Американың мемлекеттік департаменті авторлық құықты дөрекі бұзған елдерді жауапкершілікке тартуға құқылы. Қазақстанда жүрген Американдық компаниялар қауымдастығының өкілі Вики Рендзепидің пікірінше, қазір Қазақстанда интеллектуалдық меншікке деген көзқарас жақсарып келеді. Әділет министрлігінің интеллектуалды меншікті қорғау комитетінің төрайымы Нұрғайша Сахипованың сөзіне қарағанда, бұл саладағы қиыншылықтар бастан асады. Эксперттер жетіспейді өте мықты техника, биология, медицина саласынан. Айналасы бір эксперт болса, оның өзі ауырып қалса, олардың күні қараң болады. Тың дүние іздеумен айналысатын адамдарға тоқталсақ, Қазақстанда адам денесінде сары су жиналатын науқастарды емдеу тәсілі, отын үнемдейтін су жылыту қазандықтары, радиациядан кейінгі сүйек үгітілуін емдеу тәсілі, былғары терінің сапасын арттыратын илеу тәсілдерін ойлап тапқан өнертапқыштар бар. Олардың басым бөлігі нарық заманына икемделе алмай жүр,-дейді сарапшылар. Көптеген ғылыми жұмыстардың авторы физика-математика ғылымдарының докторы Нұрлан Темірғалиевтің пікірінше, қазір жаңа заманға сай салаларға көбірек көңіл бөлген абзал. Компьютерге программа керек, алдымен алгоритм болады. Оны математик жасайды. Көп ақша талап етпейді. Бірақ, пайдасы өте көп. «Майкрософт” басқа да ірі компаниялар Индияда шығарылған программаларды сатып байып жүр. Қазақстанда «Майкрософт” корпорациясымен қарым-қатынаста жұмыс істейтін 250 кәсіпорын бар. Олардың барлығы тек компьютерлерді жинаумен ғана шұғылданады. «Майкрософт” компаниясының атқарушы директоры Жан Филипп Куртуа жергілікті тұрғындардан компьютерлік бағдарлама сатып алмайсыз ба деген сауалға осылай жауап берді.

Республикалық инновациялық бағдарламада жазылғандай, интеллектуалдық меншікке деген елдің ықыласын аударудың мақсаты санаткерлік үлесі басым тауарларды ұлғайтып, шикізат тәуелсіздігін азайту. Сөйтіп өнертапқыштардың ел экономикасына қосатын үлесін арттыру. Қазақстан парламентінің депутаты Жазбек Әбдиевтің пікірінше, Қазақстанға жаңа технологияларды қымбат болса да шет елден енгізіп жатқандар көп. Шет елден ала сал деген ол патриотсыздық бір, екінші коррупциялық мәселе. Себебі, шет елден сатып алудан міндетті түрде пайда көреді. Жасыратын несі бар оның. Қазақстан ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың ойы да осыған ұқсас. Ғалымдардың басшылығымен біткен жұмыстар өндіріске енбей жатыр. Оны осы жерде ғалымдардың күшімен халықаралық деңгейде осы жерде жасауға болады. Әділет министрлігінің интеллектуалды меншікті қорғау комитетінің маманы Алма Төлейханованың айтуына қарағанда, дайын жаңа технологияларды шет елден енгізген тиімсіз. Біздің мемлекетіміз шикізат өнімдерін сатумен айналысып жатыр көбіне. Егер жаңа технология енгізсек, мемлекетке де адамдарға да пайдасы тиеді,-деп ойлаймын. Дайын технологиялын шет елден сатып алған қымбатқа түседі. Интеллектуалдық меншікті қорғау жұмыстарының белсенді айлығы шеңберінде, тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет өнерпатқыштар арасында республикалық байқау жарияланды. Интеллектуалды меншік комитетінің мамандары айтып өткендей, байқау жеңімпаздарына осы акцияның арқасында көзге түсіп миллиондаған сомаларды құрайтын келісім-шарттарды оңай табуға мүмкіншілік жасалады.
XS
SM
MD
LG