Accessibility links

АҚШ-тың террорлық әрекеттерге қарсы күрестегі бұрынғы жетекшісі елбасы Бушты “әл-Қайда тарапынан болатын қауіпті кезінде кем бағалады”, деп айыптауда.


АҚШ-тың террорлық әрекеттерге қарсы күрестегі бұрынғы жетекшісі елбасы Бушты “әл-Қайда тарапынан болатын қауіпті кезінде кем бағалады”, деп айыптауда.

Терролық әрекеттерге қарсы күрес қызметінің бұрынғы ресми өкілі Ричард Кларк арнайы кітабын жарыққа шығарған болатын. Онда аутор Буш және оның әкімшілігін “11-қыркүйек оқиғасынан біраз айлар ғана бұрын, негізгі назарды әл-Қайда ұйымына бұрғанның орнына Ирақ мәселесімен айналысып кетті”, деп қатты айыптаған екен. -Сол қайғылы оқиғаның орын алуына кім кінәлі?- деп сауал тастау арқылы Кларк мырза сәрсенбі күнгі пікір сайысы барысында алаулап тұрған отқа одан сайын май құйғандай болды. Қос партия өкілдерінен құрылған арнайы комиссия алдында сөйлеген сөзінде кітап ауторы тағы да Буш мырзаны нұсқап көрсетті,- дейді Азаттық радиосының Уашингтондағы тілшісі Жефри Донован. “Ираққа соғыс ашу арқылы Құрама Штаттарының елбасы террорлық әрекеттерге қарсы күрес ісіне тосқауыл қойды”-, деді Кларк мырза өз сөзінде. Бұл мәлімдемеден бір күн бұрын ғана аталған комиссия мүшелері Осама бин-Ладеннің соңына қырғидай түсе алмады, деп Клинтон және Буш әкімшіліктерін қатты айыптаған болатын. Алайда, Кларк мырзаның жоғарыдағы мәлімдемесі республикашылар тарапынан ашу-ызаның туындауына себепші болғандай. Өзін “соғыс жағдайындағы табысты елбасы” деп көрсете отырып, алдағы елбасылық сайлауларда жеңіске жетуді көздеген Буш мырза үшін бұл мәлімдеме оңай шаруа болмай тұр. Оның сайлауға қатар түсетін қарсыласы, Демократ сенатор Джон Керри мырза болса, “Буштың Ирақ соғысы сияқты саяси шешімдері әлемді қауіпсіз мекенге айналдыра алмады”, деп айыптауда. 11-қыркүйек оқиғасының жолын кесу үшін жеткілікті іс тындыра алмағанына орай кітап ауторы Кларк мырза өзін де сынап, сол үшін кешірім де сұрады. Оған залдағылар қызу қолшапалақтаумен жауап беріскен болатын. “Менің түсінігімде Клинтон әкімшілігі үшін террорлық әрекеттерге қарсы жалпы күрес, оның ішінде әл-Қайдаға қарсы жеке күрес теңдессіз дәрежедегі ең басты сауал болатын”-, деді Кларк мырза. Сәрсенбі күнгі сөйлеген сөзінде Кларк мырза 2001-ші жылдың 4-қыркүйегінде, яғни қайғылы оқиғаға бір апта қалған сәтте, Ұлттық Қауіпсіздік бойынша кеңесші Кондолеза Райс ханымға өзінің хат жолдағандығын айтты. Ол хатта террорлық әрекеттерге қарсы күресті мейлінше тездетуді сұрай отырып, сондай шабуылдан жүздеген америкалықтардың көз жұмуын елестету қандай ауыр, деген екен Кларк мырза. 11-қыркүйек оқиғасына байланысты құрылған комиссия алдына келуге Райс ханым аса құлықты болмаса керек. Сондықтан Мемлекеттік хатшының орынбасары Ричард Ермитеж мырза сәрсенбі күні Райс ханымның орнына жауап беруге келген болатын. Сол атышулы кітабында Кларк мырза “қыркүйектің 12-сіне дейін Буш әкімшілігі Ираққа шабуыл жасау мен Саддам Хусейнге байланысты сауалды қандай жолдармен өзара байланыстыруға болатындығын көбірек ойлап кеткен еді”, деп жазған. Қауіпсіздік хатшысы Дональд Рамсфельд Ақ үйдегі әкімшіліктің әл-Қайдаға шабуыл жөнінде арнайы жоспар түзіп, оның сол 11-қыркүйек оқиғасы қарсаңында ғана дайын болғандығын айтқан екен. Бұған орай комиссия басшыларының бірі аталған жоспармен танысқандығын, онда дипломатиялық әдістерді көбірек қолданып, әл-Қайдаға қысымды күшейту және Талибан басшысы Молла Омарды биліктен кетірудің айтылғандығынан артық ешнәрсені байқай қоймағандығын жайып салды. Комиссия мүшелері нақты баяндамаларын шілде айының соңына қарай әзір етпекші.
XS
SM
MD
LG