Accessibility links

Нысаналап кісі өлтіру саясаты терроризм дәуірінде күрделі сұрақтар тудыруда.


Халықаралық айыптауларға қарамастан Израил исламшыл Хамас ұйымының жетекшілерін өлтіру саясатын жалғастыра бермек ниетін мәлімдеп отыр. Бұл мәлімдемесін Израил жағы осы аптада Хамасдың рухани көсемі шейх Ахмед Яссинді өлтіргеннен кейін жасады. Соныңмен терроризм деген тауқыметі жекелеген адамдарды оққа байлап ату арқылы шешуге бола ма?

Израил терроризмді жою үшін Хамас қарулы тобының жетекшілерінің көзін жою саясатын тоқтатпай одан әрмен жүргізе беретінін мәлімдеуде. Израил қорғаныс министрі Шаул Мофаз осылайша Хамасқа соққы беру Израил қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деді. Хамастың рухани көсемі шейх Ахмед Яссин өлтірілгеннен кейін оның орнын Абдел Азиз Рантиси басты. Хамастың жаңа рухани көсемі болып сейсенбі күні сайланар тұста Рантиси енді Израилге қарсы соғысқа жол ашық деп жариалады. "Шейх Ахмед Яссин біздің символымыз яғни айшығымыз болған. Біз шейх Ахмед Яссин саясатын жалғастырамыз. Біз шейх Ахмед Яссин сенген барлық мақсаттарды жүзеге асырамыз",- деді Хамастың жаңа көсемі. Өзі рухани көсем болып сайланғаннан кейін Рантиси Хамас қозғалысының әлем бойынша басшысы деп 40 жастағы Халед Машалды жариалады. Халед Машал Дамаскілік. Бұрын физика пәнінің мұғалімі болған. Бұған дейін Хамасдың Дамаскі саяси бюросын басқарған. Израилдың шейх Ахмед Яссинді өлтіруін жалпы алғанда әлем айыптады. Соның бір мысалы ретінде Британия сыртқы істер министрі Жак Строу пікіріне жүгінелік. "Израилдың бұндай заңсыз кісі өлтіруге еш құқы жоқ еді. Сондықтан біз бұны айыптаймыз",- деді Строу. Ал Израилдың ең жақын одақтасы АҚШ болса Израилды айыптамады. АҚШ президенті Джордж Буш: "Изаилдың өзін-өзі қорғауға құқы бар. Сондықтан ол осылай жасады,"- деді. Женевадағы қауіпсіздік саясаты орталығының директоры Шарам Чубин Осама Бин Ладенді өкшелеп қуып жүрген АҚШ Хамас жетекшісін өлтіргені үшін Израилды айыптай алмады дейдi. "Олар өздері Осама Бин Ладен атты террористке қарсы жалпақ соғыс жүргізіп отыр ғой",- дейді талдаушы АҚШ туралы. 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Буш шетел азаматтарын өлтіруге рұқсат бермейтін тиымды тоқтатып ЦРУ ға яғни Орталық Барлау Агенттігіне Осама Бин Ладенді өлтіруге жол ашты. Халықаралық заң бойынша бейбіт кезде бір елдің басшысын екінші бір елдің өлтіруге құқы жоқ. Соғыс кезінде жағдай басқа. Лондондағы Соғысты зерттеу Колледжінің маманы Ифрам Карш Израил мен Хамас соғыс жағдайында болды деп біледі: "Әрине бұл соғыс болды. Меніңше сенің қалаларың тұрақты түрде қопарылып жатса соғыс болмағанда ол не?" Бұл талдаушы Хамас көсемінің өлтірілуі заңды дейді. Бейсенбі Израилдың әскерімен танктері Газа қаласындағы Хан Ионс босқындар қосына басып кірді. Израил мақсаты шейх Ахмед Яссин өлтірілгеннен кейінгі жерде Израилға шабуылдарды болдырмау.
XS
SM
MD
LG