Accessibility links

Еуропа кеңесі адам саудасы мәселесіне жіті назар аудара бастады.


Адам саудасы, азаматтарды құл ретінде пайдалану, нәпсіқұмарлық әрекеттеріне мәжбүрлеу, тіптен сонау өркениетті делінетін аймақ - Еуропаның өзінде де үлкен апаттық мәселеге айлана бастады.

Оған Халықаралық адам құқықтары ұйымының бірегейі Еуропалық кеңестің өзі ерекше алаңдауда. Сондықтан, адам саудасы мәселесіне орай арнайы жиын ұйымдастырылып, жаттығулар өткізілді. Енді аталмыш тажалды ауыздықтау үшін арнайы келісімдік заң ережелері жасалмақ. Халықаралық деңгейде, адам саудасының зардабы мен салдарына, алдымен Еуропа кеңесі алаңдай бастады. Кеңестің бас хатшысының орынбасары де Бур Букеке наурыз айның басында бұл мәселе бойынша арнайы баяндама жасады. Дүйсенбі күні ол оңтүстік шығыс Еуропа елдерінен келген ресмилер үшін ұйымдастырылған практикалық сабақтарды бастап берді. Сабақ кезінде адам саудасымен қалай күресу, оның құрбандарын ол тұтқыннан қалай құтқару жолдары айтылды. Бұл шараға Еуропа кеңесі неге жедел кірісіп отыр, деген мәселеге байланысты ол кеңестің бас хатшысының орынбасары бе Бур Букеке ханым былай дейді.

- Біз Еуропада адам саудасының әбден қыза түскендігіне күә болып отырмыз. Қолымызда сенімді дерек-мәлімет болмаса да адам саудасы шынымен-ақ үдеп кеткедігіне көзіміз жетіп отыр. Ол саудадан кейбіреулерге үлкен пайда түсіп жатқандығы да ақиқат. Тіптен, адам саудасынан түскен пайда, есірткі саудасымен саластырғанда, басымдау болып тұр. Ал бұл сауда барлық елдерге тән. Адам саудасы тауарларының жүрген, барып жеткен жерлеріне орай ол елдердің негізгісі Еуропа кеңесімен тікелей байланысты да. Міне сондықтан, Кеңес бұл жағдайға аса алаңдаулы. Ал ең қауіптісі, алдымен, әйел-қыздар мен жасөспірімдер бұл сауда құрбаны болуда, - дейді Кеңес бас хатшысының орынбасары.

Қазіргі есеп бойынша, 45 мемлекет азаматтары сауда мен құлдық құрбаны болып отыр. Бір ауырлау мысал келтіре кетсек, тірі тауарлар шығатын елдің бірі Румынияда әр 9 әйелдің біреуі сауда, құлдық, секс құрбаны болуы мүмкін екен.

Жас әйел-қыздарды ондай құрбандыққа не мәжбүрлейді ?

Ресей, Еуропа, Азия, Африкадан асып, сонау АҚШ пен Канадаға дейіңгі елдерден жұмыс тауып береміз деген түрлі туристік фирмалардың жарнамасы басылымдарда толып жатыр. Ал қазір қай елде болса да, тіптен Еуропаның өзінде жұмыс табу оңай шаруа емес. Әсіресе, бұрыңғы советтік аймақтан жұмыс, дұрыс айлық жалақы іздейтін жастар жеткілікті. Алдымен алданып, мұндай құрыққа солар ілінеді. Оларды бірер елге жеткізгеннен соң паспорттарын алып қояды да, қалаған жұмысқа жегеді. Негізгісі – жезөкшелік, құлдық.

Шет елдердегі мигрант жұмысшылар қауымын үш топқа бөлсе болады. 1-шісі, оңтүстік шығыс Азия елдерінен, әсіресе Филиппиннен келетін жұмысшылар. Ол байғұстар агенттіктерге тәуелді болып, соларға деген қарызын төлей алмай құлдықта жүре береді. 2-топтағылардың паспортын алып қойып, құлдыққа салады. Олар жұмыс орнынан басқа жерге аттап баса алмайды. 3-топтағылар, одан әрмен, белгілі уақытқа 3-ші бір елге өткізіліп жібергендер. Міне солардың бәрі, табыс табу әдірем қалып, енді құлдықтан құтыла алмай, бейшара халге түскендер.

Еуропа кеңесі ол байғұстарға көмек қолын беру үшін жаңа ереже-қағида, олардың сөзімен айтсақ, конвенция дайындауда. Өкілдің сөзіне сенсек, ол конвенция маусым айларына дейін дайын болып қалар.
XS
SM
MD
LG