Accessibility links

Хераттағы шайқастар Ауған жауынгерлерін қарусыздандыру мен Ұлттық армия қатарын нығайтудың аса маңыздылығына мегзеп отыр.


Хератта губернатор Исмайл Хан мен Қорғаныс министрлігіне қарасты 4-ші Құрылым жауынгерлері арасында болған шайқастар қорытындысы аса маңызды жағдайларға мегзеуде. АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі Залмаи Халилзадтың айтуынша, таяу арада Орталық өкімет билігін мейлінше күшейту бағдарламаларын тездетіп жүзеге асыру қажет болады.

“Хераттағы дағдарыс бұл елдегі стратегиялық бағыттарға кері әсерін тигізеді деп ойламаймын. Басы ашық нәрсе- бұл жерде жүзеге асырылуы тиіс шаруаларды барынша тездетуіміз қажет. Менің ойымша, аймақтық жауынгерлерді қарусыздандырып, оларды қайта біріктіріп жасақтауды жылдамдату керек. Хераттағы оқиғаға қалай жауап бергенінен-ақ көріп отырғаныңыздай, Ауған Ұлттық армиясы сияқты ұлттық ұйымдарды құруды жеделдету өте маңызды”-, деді Халилзад мырза. Елбасы Хамид Қарзайдың өкілі Явед Людиннің сөзіне қарағанда, қарусыздандыру тез арада жүргізілмеген жағдайда, аймақтардағы қауіпсіздік жағдайлары одан әрі қиындай түсетін болады. Әсіресе, осы жылдың соңына қарай елбасылық және заң шығарушы органдарға сайлау белгіленіп отырған кезде бұл мәселелер одан әрі. Бұл орайда Ауғанстанның орталық өкіметі мен АҚШ әскери өкілдері Херат, Қандағар, Мазари- Шариф, Гардез қалаларының өзінде немесе оның сырт жақтарында Ұлттық армияның тұрақты гарнизондарын құруы тиіс. Тіпті осы жексенбідегі қанды қақтығыстардан бұрын-ақ АҚШ әскерилері мен Ауған Қорғаныс министрлігі өкілдерінен құрылған топтар жаңа базаларға лайықты деген жерлерді қарауға шыққан болатын. Сонымен, жексенбідегі оқиғаға жауап ретінде Хератта кем дегенде бір жарым мыңдай Ұлттық әскер жасақтарының орналастырылуы ондай қауіпсіздік күштерін тұрақты түрде жайғастыру шараларының басталғандығынан хабар бергендей. Ұлттық армияның біраз жауынгерлері Қорғаныс министрлігі жанындағы 4-ші құрылымның Хераттағы 17-дивизиясына жіберілген болатын. Қорғаныс министрлігі қанаты астында қызмет етуші басқа да фракциялық құрылымдар сияқты Набизаданың басқаруындағы 4-ші топ әскері де Орталық өкіметтің қауіпсіздік күштері құрамына жатады. Ендеше генерал Набизада қорғаныс министрлігі арқылы елбасы Қарзайдан бұйрық алған боп тұр. Дей тұрғанмен, Ауған Ұлттық армиясымен салыстырғанда сол 4-ші Құрылымның өзі түбірімен өзгеше ұйым екені анық. Ұлттық армия қазіргі кезде АҚШ күштерімен бірлесе отырып, Талибан және әл-Қайда жасақтарына қарсы күресуде. Бұл армия АҚШ-тың бастауындағы коалициялық күштер тарапынан жаттығудан өткен. Сондай-ақ Ұлттық армия құрамында елдегі барлық этникалық топтар өкілдері қызмет істеуде. Яғни бұл әскер өз құрамы жағынан елдің демографиялық құрылымынан толықтай хабар беретін ұйымға айналған. Ал, жексенбі күні Азаматтық Әуе күштері министрі Мирвайз Садеқтың өлімі жазатайым тиген оқ кесірінен болған қаза деп хабарлануда. Сонымен, Ауған Ұлттық армиясының аймақтарға тұрақты түрде орналасуы ел өміріне игі ықпалын тигізбекші.
XS
SM
MD
LG