АНКАРА: Түркия Кипрді біріктіру мәселесі бойынша Швейцарияда өтіп жатқан келіссөзді тығырықтан шығаруға АҚШ-ты қолұшын беруге шақыруда. Ондай өтініш Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэллдің телефон арқылы әңгімесі кезінде айтылды. Екі жақты келіссөзге қатысушы БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Кипрдің түрік және кипр бөліктерін біріктірудің жаңа жоспарын ұсынбақ. Оған сәйкес, екі бөлікке де кең автономия беру қарастырылған.
Түркия Кипрді біріктіру мәселесі бойынша Швейцарияда өтіп жатқан келіссөзді тығырықтан шығаруға АҚШ-ты қолұшын беруге шақыруда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV