Accessibility links

Алматыда зейнеткерлер көкек айының 1-інен бастап коммуналдық қызмет бағасының көтерілетіндігіне өз наразылықтарын білдірді


Наурыздың 30-ы күні Алматыда түрлі саяси ұйымдар мен партия өкілдері және зейнеткерлер көкек айының 1-інен бастап қаладағы коммуналдық қызмет бағасының көтерілуіне өз наразылықтарын білдіріп, митингі өткізді.

Семей полигонынан зардап шегуші, І топтағы мүгедек Оралбек есімді азаматтың наразылық білдіріп, митингіге келуіне әлеуметтік жағдайының нашарлығы себеп болған. -Өз қарсылығымды білдірмекшімін. Семей полигонынан зардап шектім. Екі көзімнен айырылдым. І топтағы мүгедекпін. Зейнетақым төмен ештеңеге жетпейді. Коммуналдық қызметтер қымбат. Тамақ ол қымбат. Дене мүшелерімнің бәрі ауырады. Дәрі-дәрмектер олда ұшып тұр. Жан айқайымды жоғарыда отырғандарға естіртейін деп келдім. Ал зейнеткер Сайлаубек Кәкімжанұлының айтуынша, қаладағы зейнеткерлердің барлығы тек жетіспеушілікпен ғана өмір сүріп келеді. -Зейнеткерлердің жағдайы жақсы деп айта алмаймын. Жеке басымды алып, содан зейнеткерлердің жағдайын айтайын. Алған зейнетақымды коммуналдық төлемдерге төлеймін. Содан қара нан мен қара шайға ғана қарап отырамын. Осы менің күйімді барлық зейнеткерлер кешіп отыр. Нанның өзі қазір қымбаттап кетті. Жақсарту жағын ойлап жатқан адамдар жоқ. Осы орайда, біздер Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті дамыту агенттігінің Алматы қалалық департаментіне хабарласып, Алматы қаласында коммуналдық төлем қанша пайызға көтерілетіндігін сұраған едік. Аталған департаменттің бас маманы Зәуре Кәрімованың айтуынша, Алматы қаласында 1 көкектен бастап суық су 4,8 пайызға, канализациялық төлемдер 4,5 пайызға көтерілетіндігін, ал электр энергиясы мен ыстық су төлемдері қымбаттамайтындығын жеткізді.
XS
SM
MD
LG