Accessibility links

Өзбекстандағы лаңкестік әрекеттерге орай, Қазақ-Өзбек шекарасында қосымша қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Қазақ-Өзбек шекарасын басып өтетін барлық пункттер жабылған.


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Іслам Кәрімовке көңіл айтып, хат жолдады. Жеделхатта, сіздер үшін осы қиын-қыстау кезеңде біздің еліміз және мен өз тарапымыздан кез-келген көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз делінген. Осы уақытта, Өзбекстан мен Оңтүстік Қазақстандағы лаңкестік әрекеттерге байланысты, Қазақстанның Өзбекстанмен шектесетін шекара бөлігінде, шекарашылар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшірілген.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің өкілі Мұхтар Анарбеков хабарлағандай, комитет жұмысы да күшейтіліп, шекараға қосымша қызметкерлер жіберілді. Қазіргі жағдайда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бақылау күшейтілді. Бұл орайда, негізінен олар өзбек әріптестерімен бірлесіп қимыл істеп отыр. Ал шекара бақылауды күзейту сол оңтүстік шекара бақылау басқармасының күшімен күшейтіліп отыр. Бұған негізінен кедендік бақылау, құжаттарды тексеру кіреді. Шекара бақылау Қазақ-Өзбек шекарасындағы участок бойынша ғана күшейтіледі. Бұл әскери техникасы сол жердегі қару жарағы. Шекараны бақылау жұмыстары енді терроршылармен күрес бағыты бойынша жүргізіледі. Ал кеден қызметкерлері мәлімдегендей, шекара аумағында құжаттарды тексеруге қатаң талаптар қойылған, Қазақ-Өзбек шекарасын басып өтетін барлық пункттер жабылған. Дәлірек айтқанда, шекарадан өту, тек арнайы шақырулары бар адамдарға, іс сапарда жүргендерге және қолдарында авиабилеттері бар жолаушыларға ғана рұқсат етіледі. Қазақстан Парламентінің қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайролла Ережеповтың сөзіне қарағанда, террормен күресу үшін, көршілес елдермен бірігіп шара қолдану қажет. Терроризм дейтін бәлеменен бір мемлекет 10 жерден жан-жағын жауып қойсада жеңе алмайды. Ол бәрі бірігіп ұйымдасқан жағдайда ғана залалсыздандыруға болатын нәрсе. Жеріміздің көлемі орасан зорғой. Оны жаба алмаймыз бәрін бірдей. Қазақстандықтардың бұл мәселеге өзіндік пікірі бар. Енді ол шекараны мықтау керек. Оңдап қарап отыру керек. Ана жақтан Ауғаныстан, Пәкістан жақын, күллі бәленің бәрі. Жауып тастау керек, өзбектермен екі ортаны.Менің ойым сол. Өзімізге күшіміз жетеді болды. Бізге халқымызды сақтау керек. Аналар кіріп кетсе, бізде бейбітшілік бұзылады. Сақтансаң сақтаймын дейді құдай. Мүмкін болады, мүмкін болмайды. Дайын болу керек қой. Ертең кеш болады одан кейін. Сақтаған дұрыс қазір шекараны. Жаба ма, жаппай ма бірақ оны күшейту керек. Ресми мәліметтерге сай, республиканың жағрапиялық орналасуы және қазіргі қолданып жүрген қауіпсіздік бағыттарының шарасыздығы, терроршылардың орта азия аумағында нығаюына байланысты, Қазақстанда террормен күрес бағдарламасы төңірегіндегі жұмыстар біртіндеп күшейтіліп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG