Ауғанстан тәрізді 20 жыл соғыс табанында қираған елді көтеру үшін енді қыруар қаржы керек. Ондай қаржы құйылмаса бұл елде тұрақтылық орнауы мүмкін емес. Осы ойды НАТО ның Ауғанстандағы өкілі Хикмет Чэйтин Берлинде сәрсенбі күні басталатын конференция есіне салып отыр. Конференцияға Ауғанстанға жәрдем беруді өз мойынына әлемнің дамыған елдері алып отырғаны аян. Ауғанстан әкімшілігінің есебі бойынша бұл елді қалпына келтіру үшін алдағы 7 жылда 28 миллиард доллар қажет екен.
Дүйсенбі күні Брюсселде осы ойды Хикмет Чэйтин паш етті:
"Меніңше бұл қаржы бұл елдегі әскери шығындармен салыстырғанда соншалықты көп емес. 28 миллиард доллар тұрақтылықты қалыпқа келтіру үшін қажет." дейді Чэйтин.
Хикмет Чэйтин кезінде Түркия сыртқы істер министрі болған тұлға. Бүгінде НАТО ның Ауғанстандағы өкілі. Оның айтуынша Ауғанстандағы НАТО рөлі негізгі 3 талапқа жауап беруі керек. Біріншіден: НАТО ның Ауғанстанда болуы тым үлкен мәселе. Оның саяси және әскери негіздері үнемі сақталып отырылуы керек. Екіншіден: НАТО кәзір Ауғанстандағы халықаралық күштерді тікелей басқармағанымен НАТО бұл аймақ тұтастығы тәрізді үлкен бір мақсаттың негізін қаламақ. Үшіншіден: НАТО жергілікті қарулы топ басшыларымен жұмыс жүргізіп одан түпкілікті бір нәтижеге шығаруға тиіс. Тағы да Хикмет Чэйтиннің пікірі: "Бұл елдегі барлық әскерилендірілген жасақтарға тиым салынуы керек. Ал, олардың саны 100 000 төңірегінде болып отыр." Чэйтин мырза Ауғанстандағы заңсыз қарулы жасақтар құрамында 100 мыңға жуық жауынгер болса үкімет әскері кәзір небары 8 мың солдат дейді. Ал, әлгі жүз мың жауынгері бар жергілікті жасақтардың қолында танк зымырандардан бастап қарудың небір түрі бар дейді. Осынау әскерилендірілген жасақтарды таратып олардың басшыларынан құтылмай Ауғанстанда тыныштық орнамайды деп біледі НАТО өкілі. Ауғанстанның кәзіргі әкімшілігімен келісе отырып біз осы алдағы маусым айына шейін жергілікті жасақтардың 40 пайызын тарату жөнінде шешімге келдік дейді ол. "Маусымға дейін жасақтардың немесе олардың басшыларының 40 пайызы таратылады" дейді Чәйтин.
НАТО өкілі Чэйтин де осы сіздің айтқаныңызды айтып отыр. Жергілікті қарулы топ қыспағынан құтылмайынша қыркүйек айында жергілікті жерлерде әділ сайлау өткізу емес деп отыр. НАТО мен АҚШ ның Ауғанстандағы Мызғымас Азаттық деп аталатын операциясының басты бір мақсаты Ауғанстан бойынша әділ сайлау өткізуге жағдай туғызу дейді НАТО өкілі. Мінеки, осы үлкен шаралардың бәрі қаржы керек етеді. Сәрсенбі күні Берлинде ашылғалы отырған халықаралық конференция мақсаты сол қаржыны жинау болып отыр.