Accessibility links

Қоғамдық ұйым өкілдері ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады


Көкек айының 1-і күні Алматыда түрлі қоғамдық ұйым өкілдері бас қосып, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдағандықтарын мәлімдеді. Ашық хатта Қазақстан экономикасының құлдырап, әлеуметтік жағдайлардың төмендеп, жері бай, халқы аз Қазақстан елінің қайыршылықпен күн кешіп отырғандығы тілге тиек етіліп, орын алып отырған олқылықтарға билік басындағылар жауап беруі керек делінген .

“Ұрпақ тағдыры – білім” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерсайын Ерғожа Қазақстанда барлық салалар құлдырап бітті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділовтің наурыз айының 11-і күні жасаған саяси мәлімдемесіне халық алдына шығып жауап беруі керек,- деді.

-Денсаулық, білім, мәдениет, ауылшаруашылық салалары құлдырап бітті. Мұның елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кінәлі. Ол қазір өзінің айналасынан шыға алмай қалды. Елдегі жағдайды түзей алмайтынына толық көзіміз жетті. Ерсайын Ерғожа өз сөзінде шет елде жүрген Әкежан Қажыгелдинді елге қайтарып, түрмеде отырған Ғалымжан Жақияновты босатып, елде түбегейлі саяси өзгеріс жасамайынша халықтың жағдайы жақсармайды,- дегенді айтты.

Ашық хатқа қол қоюшылардың бірі эколог ғалым Молдағали Матқанұлынің пікірінше, Заманбек Нұрқаділовтің мәлімдемесін де келтірілген деректерді ешкім жоққа шығара алмайды.

-Себебі, Заманбек Нұрқаділов қала, облыс көлемінде жекешелендіру саясатының қалай жүзеге асқандығын жақсы біледі. Кім арқылы кім жүгенсіз, жөнсіз қарпып қалғандығын біледі. Бұл бір. Саяси мәлімдеме жарық көрген күннен бері оны талқылап, кешірім сұрап жатқан елбасы, не үкіметбасы жоқ. Сондықтан да біздің қазақ еліндегі демократияның көркі өркендеуі қандай деңгейде екенін айтпаса да түсінікті. “Ар. Рух. Хақ.” қоғамдық ұйымының жетекшісі Құрылыс Сүлейменов Қазақстан мемлекеті қазір жаңа белеске көтеріліп келеді. Осыны ары қарай өркендетіп алып кету үшін жаңа білгір мамандар керек,- деп санайды. - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы халық арасында әртүрлі пікірлер бар. Біреулер жақтайды, біреулер даттайды. Ол кісінің ең үлкен әрекеті – шет елдерде банкте ақша тығуы, үлкен-үлкен өнеркәсіп орындарын жеке меншікке айналдырып оны да шет елдерде сақтауы ешбір санаға сыймайды. Осының өзі ол кісінің адамгершілігін, адал басшы екенін теріс жағынан көрсетіп отыр.

Жазушы Дінәш Нұрмұхамбет билік басындағылар жасалынып жатқан саяси мәлімдемелерге құлақ асып, есеп бергілері келмесе онда орынды босатулары керек,- дейді. -Қазақстың жерінің асты да, үсті де байлыққа толы. Бірақ сол байлықтың қызығын белгілі бір ғана топтың көріп, халықтың аш-жалаңаш болуы зиялы қауымның жанын ауыртады. Мен өзім қаламгер адам болғандықтан халық тағдырына алаңдаулы адамдардың бірімін. Сондықтан мына біздің ашық хатымыз елбасын ойландыруы тиіс. Қоғамдық ұйым өкілдері көтеріп отырған мәселеге біздер қарапайым қазастандықтар пікірінде білген едік. Олардың кейбірі жасалынып жатқан саяси мәлімдемелерден хабарсыз болып шықты. -Таныспын. Заманбек Нұрқаділов дұрыс қадам жасады,-деп ойлаймын. -Таныс емеспін. Білмеймін. -Естісем де маған керегі не оның? Саясатпен айналыспаймын. -Елден естідім. Өзім білмеймін. -Бұл мәселені аяқ асты тастамай тексеру керек. Халық арасынан комиссия құру керек.
XS
SM
MD
LG