Accessibility links

Мадридте болған лаңкестік қастандықты өз мойнына алған топ Испанияны АҚШ-ты қолдауын қойып, Ауғанстан мен Ирақтан өз әскерін шығаруға шақырып, қоқан-лоқылық көрсетуде.


МАДРИД: Өткен айда Мадридте болған лаңкестік қастандықты өз мойнына алған топ: егер Испания АҚШ-ты қолдауын қойып, Ауғанстан мен Ирақтан өз әскерін шығармайтын болса, аптаның соңына дейін елді “тозаққа” айналдыратынын ескертіп, испан газеттеріне хат жолдады. Қолмен араб тілінде жазылған бұл хат 5 күдіктінің кеше Мадрид іргесінде өздерін жарып өлтірінен 1 тәулік өткенде күнделікті АВС газетіне бүгін факспен келіп түсті.
XS
SM
MD
LG