Accessibility links

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының төрағасы Соломон Пассиді қабылдады


Көкектің 6 сы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымынының қазіргі төрағасы, Болғарияның сыртқы істер министрі Соломон Пассиді қабылдады. Кездесуден кейін Соломон Пасси БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз брифингін өткізді.

Соңғы он жылда Қазақстанда демократиялық реформаларды іске асыруда жасалған ілгері қадамдарды халықаралық ұйымдар мойындаулары керек деді ол өз сөзінде. Оның айтуынша Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы яғни ОБСЕ Қазақстанмен арадағы қарым қатынас деңгейіне дән риза, егерде осыдан оншақты жылдың алдында Қазақстан аяғынан жаңа тұрған жас мемлекет екенін ескерер болсақ бұл үлкен іс болмақ. ОБСЕ төрағасы өзінің президентпен арада болған әңгімелесуі кезінде Қазақстандаға сот-құқық жүйесі мен жерді жекеменшікке беру саласында және де экономика саласында оң істер мен табыстардың барлығын атап айтты. Биылғы жылдың соңына қарай ОБСЕ мен Қазақстан бірігіп БАҚ тардың тәуелсіздігі мен сөз еркіндігі жөнінде арнайы конференция өткізбек болып келісіп отыр деді Соломон Пасси. ОБСЕ тарапынан Қазақстанға көмек боларлық бір мәселе ол аймақтық ынтымақтастық мәселесі болмақ. Бүгінгі күні Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық мәселесі өте маңызды болып отыр деді ол. Ол сондай ақ соңғы күндері Өзбекстанда орын алған оқиғаларға қатысты терроризмнің қандай да түрін ОБСЕ қатаң айыптайды сондықтан да бұнымен күресте аймақтық ынтымақтастық және халықаралық ынтымақтастықтың рөлі зор болмақ деді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуде сондай ақ Қазақстан мен Болғария арасындағы қарым қатынас мәселесі де талқыланды деді ОБСЕ төрағасы, Болғарияның сыртқы істер министрі Соломон Пасси.
XS
SM
MD
LG