Онда «ҚР Қорғаныс министрi Мұхтар Алтынбаевтың сәуiрдiң 7-сiндегi мәлiмдемесiне сiлтеме жасалып, Үкiметке бiрқатар мемлекеттердiң үкiметтерiнен және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарынан Ирақта қазақстандық әскери контингенттiң одан әрi қалуына байланысты жағдайға түсiнiк беру туралы өтiнiштер келiп түсуде» делiнген.
Ал Мұхтар Алтынбаев Ирақтағы ахуалдың шиеленiсуiне байланысты, қазақстандық инженерлiк-саперлiк бөлiмшенiң мерзiмi аяқталған соң, оның орнына жаңа құрама жiберiлмеуi мүмкiн екенiн айтқан болатын. Мәжiлiс депутаты Бақыт Көпенованың пiкiрiнше, аталған екi мәлiмдеме қабыспай тұр: «Үкiметтiң iшкi жұмысында мұндай қайшылықтар болып тұрады. Алтынбаев асығыстық жасаған сияқты. Дегенмен, Ирақтағы жағдай шиеленiсiп жатқанда, азаматтарымызды елге қайтару керек деген пiкiрдi жақтаймын. Мүмкiн, Үкiмет халықаралық қауымдастық алдында алынған саяси мiндеттемелерiне байланысты осындай мәлiмдеме жасап отырған болар. Дегенмен, нақты жауап беретiндей мүмкiндiгiм болмай тұр».
Қазақстанның Ирақтағы қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қалпына келтiру жөнiндегi халықаралық коалицияға әуел бастан қолдау бiлдiрiп, Парламенттiң келiсiмiмен 27 маманнан құрылған инженерлiк-саперлiк бөлiмше жiбергенi мәлiм. Қазiр қазақстандық әскерилердiң екiншi құрамы жұмыс iстеп жатыр. Үкiмет мәлiмдемесiнен «Қазбатты» қайтару-қайтармау мәселесiн кiм шешуге тиiс деген сұрақ туындайды. Мысалы, Парламент Мәжiлiсi төрағасының кеңесшiсi Ирак Елекеевтiң пiкiрiнше, Ирақтағы әскерилердi қайтару құзыретi Парламентте болуға тиiс. Ол: «Үкiметтiң мәлiмдемесi менi таңдандырды. Кеше теледидардан ирактықтардың жапон азаматтарын бауыздағалы жатқанын көрсеттi. Бұл бастамасы ғана. Ертең бұдан да қорқынышты күндер туады. Сондықтан Парламент бiздiң жауынгерлердi елге қайтару туралы тезiрек шешiм қабылдау керек деп санаймын»,--дейдi.
Қазақстандық инженерлiк-саперлiк бөлiмше, Ирақта болған сегiз ай iшiнде жарты миллионнан астам жарылғыш құрылғыларды жойыпты. Қорғаныс вице-министрi Абай Тасболатовтың айтуынша, қазақстандық жауынгерлерге төнiп тұрған қауiп жоқ.
«Дегенмен, Ирақтағы соңғы оқиғалар бiздiң елiмiзде алаңдаушылық туғызуда, - делiнедi үндеуде. Қазақстан Республикасының Үкiметi халықаралық коалиция қолбасшылығына қазақстандық әскери қызметшiлердiң қауiпсiздiгiн лайықты түрде қамтамасыз ету туралы өтiнiш бiлдiредi. Қазақстандық әскери контингенттiң Ирақта бұдан әрi қалу-қалмауы осыған байланысты болмақ».
Қазақстанның әзiрге Ирақтан әскери континентiн шығару ниетi жоқ. Қазақстан Үкiметi көкектiң 9-ы күнi осындай мәлiмдеме жасады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?