Accessibility links

«Ақжол» демократиялық партиясы Қазақстанда сөз бостандығының дамуына қажетті жағдай туғызушы бірден-бір тегершік - бұқаралық ақпарат құралдарын демонополизациялау қажет деген ұстанымдарын білдірді.


12 сәуірде «Ақжол» партиясы Қазақстанның масс-медиа саласын монополисттер басқарып отыр, сондықтан да сөз бостандығы шектеулі, демократиялық қадамдар әлсіз деген пікірлерін жеткізді. Енді бұның алдын-алу үшін «Ақжол» демократиялық партиясы Қазақстанда сөз бостандығының дамуына қажетті жағдай туғызушы бірден-бір тегершік - бұқаралық ақпарат құралдарын демонополизациялау қажет деген ұстанымдарын қоғам назарына ұсынды.

Ресми деректердегі елдегі ақпарат құралдарының 80 пайызы жекеменшіктің қолында, ал қалған 20 пайызы мемлекеттің үлесінде деген ақпарат шындыққа жанаспайды дейді олар. Бұны партияның тең төрағасы Б.Әбілев Қазақстандағы ақпарат құралдарының 90 пайызы белгісіз жеке адамдардың қолында деген дерегімен толықтырды. Алайда осы ұстаныммен келіспеген Алматы қалалық ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушы Е.Қасенов: «Елімізде БАҚ-ты монополияландыру мәселесі жоқ»- деген пікірін білдірді.
XS
SM
MD
LG