ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш “Әл-Қаида” ұйымы Америка жерінде лаңкестік қастандықтарды ұйымдастыруы мүмкін деген барлау қызметінің мәліметтеріне өзінің жіті назар аудармағаны туралы айыптарды түбегейлі жоққа шығарды. Дж.Буштың айтуынша, барлау мәліметтерінде 11 қыркүйектегі лаңкестік туралы ескерту жоқ. АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының баяндамасы Нью-Йорк пен Вашингтондағы 3 мыңға жуық адамның қазасына себеп болған лаңкестіктен 1 ай бұрын - 2001 жылдың 6 тамызында президент Дж.Бушқа берілген. Құжатта “Әл-Қаида”-ның жолаушы ұшақтарын ұшырып алып кетпек ниеті барлығы айтылған.
АҚШ президенті “Әл-Қаида” ұйымы Америка жерінде лаңкестік қастандықтарды ұйымдастыруы мүмкін деген барлау қызметінің мәліметтеріне өзінің жіті назар аудармағаны туралы айыптарды түбегейлі жоққа шығарды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?